457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы қандай болмақ

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау қою байқауы 25 қыркүйекте басталады

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау қою байқауы 25 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Байқауды өткізу комиссиясы ережелерді бекітті. Жалпыхалықтық байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

- 25 қыркүйек – байқаудың ресми басталуы туралы хабарландыру;

- 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін – ұсыныстарды eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылдау;

- 11 қазаннан 24 қазанға дейін – ұсыныстарды талдау;

- қазан айының соңына дейін – АЭС атауының үздік нұсқасын анықтау.

Байқауға Қазақстанның барлық тұрғындары қатыса алады. Ережелер агенттіктің ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады.

11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына атау беру үшін байқау өткізуді ұсынған болатын. Станция Алматы облысының Жамбыл ауданында салынып жатыр.

Комиссия құрамына Алмасадам Сәтқалиев, оның орынбасары Тимур Жәнтікин, мәжіліс пен сенат депутаттары, журналистер, жазушылар, ғалымдар және блогерлер енді.

Еске салайық, 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі алғашқы атом электр станциясына ең үздік атау табуға конкурс өткізуді ұсынған еді. 

Фото: depositphotos.com