Трансгендерлер «Қазақстан аруы» байқауына қатыспайтын болды

Бұған дейін байқауға трансгендер адамдар мен дене бітімі ерекшелеу арулар қатыса алатыны туралы хабар тараған еді. Алайда байқау ұйымдастырушылары мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz Спутник Қазақстанға сілтеме жасап.
«Біз әрбір өтінімді қарастырамыз, бірақ түпкілікті шешім елдің мәдени кодына сәйкес келетін қатаң критерийлер мен ережелер бойынша қабылданады», - деп хабарлады байқау ұйымдастырушылары.
Байқау сайтында «Қатысушыларға қойылатын талаптар» бөлімі бар. Талап: жасы – 26 жасқа дейін, бойы 168 см-ден бастап және т.б.
Қазірдің өзінде аймақтық іріктеу жүріп жатыр. Биыл «Қазақстан аруы» байқауының финалы Алматы метросында өтеді.
Фото: Instagram / Amilai_vip

Ең көп оқылған
