Б.Байбек: Тарихта қазаққа ешкім ешқашан жер сыйлаған жоқ

Malim Админ

  • 19.12.2020

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында Ресей депутаттарының көтерген жер мәселесіне қатысты пікірін білдіріпті (Сұхбат толық әрі жарияланбаған, бірақ, сұхбат алушы сұхбаттан үзінді қиып таратып отыр). Журналист аталған даулы мәселеге қатысты партияның ұстанымын сұраған.

 Жақында Ресей Думасының депутаттары «Ресей Қазақстанға жер сыйлаған» деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Осы орайда Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясының өкілдері алғашқылардың бірі болып, ұлттық мүддені қорғап, ресейлік қос депутатқа жауап бергенін мәлімдеді. «Ол депутаттар бұл сөзді айтқан кезде ең бірінші баға берген Айдос Сарым болды. Ол қазір біздің партия атынан Мәжіліске үміткер, саясаттанушы. Көп өтпей Павел Казанцев өз ұстанымын білдірді. Ол партиямыздың Саяси кеңесінің мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы», - деді ол.

2013 жылы «Nur Otan» партиясы өзінің саяси тұғырнамасын қабылдады. Сол кезде партияның ішінде кең ауқымды кездесулер, пікір таластар жүрген.  Партия зиялы қауым өкілдерімен,  ҮЕҰ мүшелерімен сол құжатты талқылаған. Аталған негізгі құжатта еліміздің ең үлкен жетістігі де, құндылығы да  мемлекеттің тәуелсіздігі деп анық жазылды. Бұл бұрын да, кейін де айтылған түрлі қисық пікірлерге «Nur Otan»-ның берген нақты жауабы болатын. Бұл жауап өзгерген емес. Партияның ұстанымы - халықтың бірлігі, ынтымағы, тұтастығы аса маңызды.

Бауыржан Байбек ресейлік депуттардың мәлімдемесі арзан атқа ие болудың амалы, қара бастың қамы дейді. «Қазақта «атың шықпаса, жер өрте» деген сөз бар ғой. Қазір хайптың уақыты. Мен бұрын бұл депутаттардың атын естіген емеспін. Олар осы сөздерімен танымал болуға тырысады», - деді ол.

Сондай-ақ ол сөзінде Қазақстан шекарасы халықаралық құжаттармен мойындалғанын, әлемнің ірі державалары еліміздің жер тұтастығына кепілдік бергенін қайта еске салды. «Елбасы барлық шекараны шегендеді. Қазақстан ядролық арсеналдан бас тартқан кезде АҚШ, Қытай, Ресей секілді мемлекеттер құжатқа қол қою арқылы ресми түрде еліміздің территориялық тұтастығына кепілдік берген. Сондықтан шекарамыз бекітілген», - деді сұхбатында партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Ұлт үшін мұндай маңызды мәселеде биліктегі партияның басшылығы үнсіз қалмайтыны анық еді. Сондықтан Б.Байбек те аталған жер дауына қатысты өз ұстанымын анық жеткізді және ұлт тарихында тегін жердің болмағанын қадап айтты. «Қазақтың тарихында бізге ешкім ешқандай жер сыйлаған жоқ. Барлық жеріміз бабаларымыздың маңдай терімен, төгілген қанымен бүгінге дейін аман жетті. Енді біздің, партияның, бүгінгі буын жастардың да міндеті - тәуелсіздігімізді нығайту» деп кесіп айтты.

Иә, дипломаттарымыз, депутаттарымыз қажетті жауабын берді. Бастысы – біз қазақтың терең тарихында ешбір көршіміз «міне, ала қой» деп бір қарыс жерін де сыйға бермегенін білеміз. Ұлан ғайыр атырапты қорғауда қазақтың ғана қаны төгілген. Дегенмен бұл күнде тек тәуелсізбіз деп көкірек ұру жеткіліксіз. Саяси, экономикалық, қаржылық, демографиялық, азық-түлік, дипломатиялық, әскери тәуелсіздікті сақтау да аса маңызды екенін әлемде болып жатқан соңғы геосаяси процестер дәлелдеп келеді. Өйткені осы салалардың бірінде өзгеге кіріптар болсақ, еркіндігіміздің жартысын сол тарапқа жырып бердік деген сөз.

Бауыржан Байбек сұхбат барысында Таулы Қарабахтағы қақтығыстың қандай жағдайларға алып келгенін айтып, жер дауының салдары ауыр болатынын ескертті. «Осындайда Елбасының «Тәуелсіздікті алу қиын. Ал оны ұстап қалу одан да қиын» деген сөзі еске түседі. Қазіргі таңда қағаз жүзінде өзін егеменбіз деген ел көп. Бірақ де-факто өзге мемлекеттер билеп жатыр. БҰҰ мәліметі бойынша, 60 жуық мемлекет әлі де шекара мәселесін толықтай шешпеген» деп ойын қорытындылады.

Сұхбатының соңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары тарихты білмейтін адамдардың теріс ойына бола көршілермен қарым-қатынасымыз бұзылмауы тиіс екенін баса айтты.

Бауыржан Байбектің YouTube – арнаға берген сұхбаты ертең сағат жеті жарияланбақ.

[video width="1920" height="1080" mp4="https://malim.kz/wp-content/uploads/2020/12/918726a7e4a1f74dc384240e5681c1b8.mp4"][/video]

Байланысты жаналықтар

Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024
MalimBlocks
Бектенов Еуропалық Одақ елдері өкілдерімен су ресурстарын басқару мәселесін талқылады

Ол елімізде болған күрделі су тасқыны жағдайы аясында тұрақты су инфрақұрылымын дамыту үшін ЕО елдерімен әріптестікті кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.