Аудандағы білім сапасын арттыру басты міндет

Malim Админ

  • 06.01.2021

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қыдырбаева Дина Алийевна Т.Жүргенов ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

«Біздің аудандық бағдарламамыз Әйтеке би ауданын кешенді дамытуға бағытталған. Біз ауданымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аудан ететін нақты шаралар ұсынамыз»,- деп бастады өз сөзін Дина Қыдырбаева.

Үміткер Дина Қыдырбаева «Nur Otan» партиясы білім сапасын жақсартуға басымдық бере беретінін де айтты. Мәселен, ауданда мемлекеттік тапсырыс есебінен екі балабақша ашу қолға алынған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау атқарылып жатыр. Т.Жургенов, Қарабұтақ ауылдарында 50 орындық балабақша ашылмақ. Сондай-ақ, Т.Жургенов ауылында 60 орындық интернатымен 270 орындық мектеп салынады.

Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жәрдемақы, жеңілдікті кредиттер бере отырып, жас мамандарды баспаналы ету қарастырылған. Осы жобаны іске асырып, аудандағы мұғалімдерге пәтер беріп, ұстаз тапшылығын жою да атқарылатын көп міндеттің бірі. Осы жұмыстарды жүйелі атқарып, жыл сайын жоғары және бірінші санаттағы педагогикалық кадрлардың үлесін 5 пайызға көтеру ісі де партияның жобасында.

Партияның 5 жылға жоспарлаған бағдарламасымен танысқан тұрғындар өздерінің ой-пікірлері мен ұсыныстарында жеткізді. Алдағы сайлауда ауыл тұғындары «Nur Otan» партиясын қолдайтынын айтты.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы сайлау қоры қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Nur Otan ерекше жандардың қамқоршысы

06.01.2021

Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда

05.01.2021
MalimBlocks
Nur Otan ерекше жандардың қамқоршысы

Nur Otan: жастардың мәселесі басты назарда