Абай. Базарға, қарап тұрсам, әркім барар...
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу – маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас, бұл сөзді біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Ең көп оқылған
«Бәрін көрсетемін деп отыр»: Олжас Абайдың әйелі туралы мәлімет тарады
Политика
|
08.10.2025 21:40
2025-10-08 21:40:00
«Тойға барған»: Тамара Асардың өгей баласы неден қаза тапқаны белгілі болды
Политика
|
07.10.2025 14:30
2025-10-07 14:30:00
Мөлдір Әуелбекова Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты
Политика
|
07.10.2025 19:06
2025-10-07 19:06:00
Атақты актердің трагедияға толы өмірі
Политика
|
11.10.2025 22:50
2025-10-11 22:50:00
Тұрғындарды боқтаған әкім жазаланды
Политика
|
09.10.2025 19:41
2025-10-09 19:41:00
Серверлер өртеніп, e-үкімет істен шықты. Жауапты шенеунік суицид жасады
Политика
|
07.10.2025 13:52
2025-10-07 13:52:00
"Туфлиі 510 мың теңге, ақылы клиникаға барады": Желіде Денсаулық сақтау министрі сынға қалды
Политика
|
07.10.2025 17:15
2025-10-07 17:15:00