Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Білім және Ғылым

«Казактардың формасы біз үшін дәстүрлі киім»

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
08.01.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Казактардың формасы  біз үшін дәстүрлі киім. Менің киім киісімде  криминалды әрекет жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіде казак офицерінің формасы арқылы  сынға қалған Иван ГРОМОВ айтты, деп хабарлайды Malim.kz сайты.

«Сол күні үстіме киген киім әскери форма емес. Ешбір қорғаныс министрлігінде тіркеуде жоқ. Өткен тарихымыз, дәстүріміз ретінде ұмыта алмаймыз. Қазақстан – менің Отаным. Біз қыз алысып, қыз берісіп кеттік. Арамызда қазақ тілінде сөйлейтіндер де бар. Сол күні кішкентай балаларыммен шіркеуге асығып бара жатқанмын. Күн суық еді. Асығып бара жаттым. Видеоға түсірген адам «тарихи Отаным» деген сөзді дұрыс түсінбеді. Сөзімді соңына дейін тыңдамады. Менің тарихи Отанымыз Ресей. Казактар сол жақтан шықты. Айтпағым осы еді. Ал Қазақстан туған жерім. Отаным», – деді Иван Громов Malim.kz сайтының тілшісіне.

Malim.kz тілшісі Қазақстан тәуелсіздігіне тіл тигізген Никонов бастаған Ресей Думасы депутаттарының мәлімдемесіне қатысты да сұрақ қойған еді.

«Никонов деген кеще. Айтып отырғаны ақымақтық. Бұндай болмайтын сөзді айтқанша  Ресейге көуше пейілді қандастарына көмектеспей ме?! Көшу, азаматтық алу сынды мәселелерде. Мен ондай адамның сөзін тіпті талқылағым да келмейді», – дейді көкшетаулық Иван Громов.

Qazhet-те қызу талқыланған көкшетаулық азаматтың казак формасындағы видеосы 6 қаңтар күні жарияланған еді. Артынша видеодағы кейіпкер әлеуметтік желі арқылы да өз жауабын берген болатын.

Ақмола облысында Далалық өлкенің казактар одағы (ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ “СОЮЗ КАЗАКОВ СТЕПНОГО КРАЯ)  атты қоғамдық бірлестік жұмысын жасап келеді. Бұл ұйым 2017 жылы 24 мамыр күні заңды тіркеуден өткен. Басшысы Евгений АГЕЕВ. Сондай-ақ бірлестіктің Шортанды, Сандықтау, Бұланды, Аршалы, Атбасар, Щучинский сынды аудандарында бөлімшелері бар.

Бұдан өзге де Ақмола облысында казактардың екі бірлестігі бар. Олар: «Ақмола казактар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Щучинск жерлес казактар» қоғамдық бірлестігі. Оның сыртанда  «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана», «Областное культурно- просветительское и общественно- политическое славянское общество «Лад», «Славянское культурно просветительское общество «Истоки»,  «Русская община Казахстана», “Центр славянской культуры “Исток” қоғамдық ұйымдар бар.

Көрнекі фото: tyumencossack.ru

Tags: "Центр славянской культуры "Исток"«Русская община Казахстана»«Славянское культурно просветительское общество «Истоки»Ақмоладағы қазақтарДалалық өлкенің казактар одағыЕвгений АгеевЖетісу казактарыИван ГромовҚазақстан халқы АссамблеясыНиконов қазақ териториясы

Ұқсас жазбалар

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

Авторы: Жанар Қожанова
14.01.2021
0

Ақтөбе облысында алтын мен мыс өндіретін ауылдың 100 аса баласы екі жылдан бері мектепте емес, айналдырған төрт бөлмелі үйде білім...

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Авторы: Абай Нұржанұлы
13.01.2021
0

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында жүздеген тұрғын мен бірнеше мұғалім мектеп директоры орынын босатсын деп наразылыққа шықты. Ата-аналар басшының кесірінен білім...

Шалқарда жүзге жуық жұмысшы митингіге шықты

Авторы: Жанар Қожанова
12.01.2021
0

Бүгін Ақтөбе облысындағы Шалқар айналым депосының 100-ге жуық жұмысшылары наразылық акциясына шықты. «Қысқарту болады» дегенді естінген теміржолшылар «Жүк тасымалы» АҚ-ның...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Праймериз көшбасшыларды ғана емес, мықты сарапшыларды іріктеп беруі керек – Яков Федоров

24.07.2020

Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

24.06.2020

Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

09.06.2020
elbasy.kz

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

15.12.2020
"Таусылмас түн" кітабының мұқабасы

Мазасыз тіршіліктің мағыналы әңгімесі

19.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!