Келесі президент қандай болады? АҚШ бәрін көріп отыр

Соңғы аптаның басты жаңалығы әрине - Американың Қазақстанға 25% баж салығын салуы. Мұның астары бар ма? Саясаткер Уәлихан Қайсар бұл жолы да өзекті ахуалдың саяси-экономикалық себептерін түсіндіріп өтті.
Шетелдіктер салықты мардымсыз төлейді
Шетелден келген компаниялардың салық жүктемесі 3-4 пайыздан аспайды Мысалы, кезінде мен «Қазақмыс» деген компанияны зерттегенмін. Теміртаудағы «Арселормиттал» комбинатын зерттедім. Онымен қоса, басқа компанияларды да қарап шықтым.Қазақстанда барлық салық жалпы алғанда 16 пайыз болған кезде, олардікі – 1-1,2 пайыз болған. «КарметКомбинат» - 2 пайыз. Сондықтан олардың салық жүктемесі жалпы Қазақстанмен салыстырғанда 10 есе төмен болған. Кезінде келісім-шарттар парамен шешілген ғой. Қазақстанға 10 миллиардтың орнына, өз шоттарына 100 миллион доллар түскенін артық көрді. Менің ойымша, қазіргі Үкімет болсын, Президент болсын - осымен айналысуы керек. Бюджет тапшылығын осылай шешуге болады.
АҚШ бәрін көріп отыр
Қазақстанға екінші деңгейдегі санкциялар салынуы мүмкін. Өйткені АҚШ-тың барлау қызметі бәрін толық көріп отыр. Мысалы, Қытай кеден қызметі арқылы, өзіміздің кеден қызметі арқылы. Бәрі белгілі. Қанша чип кірді. Қаншам шықты. Өткенде, бір ақпарат бойынша, Қазақстан шекарасы арқылы өтетін чиптердің саны 10 есе көбейді. Бұрын 100 чип өтсе, соғыс басталғаннан кейін 1000 чип өтті. Алайда біздің экономикамызда чипке 10 есе мұқтаж болатындай өзгеріс жоқ. Әлбетте, Ресейге кетіп жатқаны айдан анық.


Ең көп оқылған
