457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Украинада МиГ-29 ұшағының ұшқышы қаза тапты

23 тамызға қараған түні МиГ-29 жойғыш ұшағымен жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін украиналық ұшқыш Сергей Бондарь қаза болды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Әуе күштерінің майоры Сергей Бондарь қону кезінде апатқа ұшыраған. Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталуда. Басқа деректер әзірге хабарланған жоқ.

Украин әскери құрылымдарының мәліметінше, сол түні Ресей Украина аумағына қайтадан дрондармен соққы жасаған. Әуе дабылы Киевте де жарияланды. Ел бойынша барлығы 49 соққы дроны тіркеліп, оның 36-сы атып түсірілді. Әуе шабуылдарын тойтаруға украин жойғыш ұшақтары да қатысқан.

46 жастағы Сергей Бондарьдың қазасы ресейлік шабуылмен байланысты ма, әзірге белгісіз.

Фото: Libkos/AP Photo/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00