457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Киев: Зеленский территория мәселесін тек Путинмен талқылауға дайын

Украинаның сыртқы істер вице-министрі Сергей Кислица NBC News арнасына берген сұхбатында Зеленскийдің Ресеймен территория мәселесін тек Путинмен жеке кездесуде талқылауға дайын екенін айтты, Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, келіссөздердің бастауы қазіргі майдан шебі болуы мүмкін.

Кислица атап өткендей, Украина президенті территорияға қатысты шешімдер қабылдауда қолданыстағы заңнамаға және қоғамдық пікірге сүйенеді. Ал украин қоғамы 3,5 жылға созылған ресейлік әскери агрессиядан кейін «бейбітшілік үшін жерді айырбастауға үзілді-кесілді қарсы».

Сонымен қатар ол АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Украина мен Ресей арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыруға ұмтылысын жоғары бағалады. Алайда Кислица Мәскеудің соңғы мәлімдемелерін сынға алып, Ресейді АҚШ-ты манипуляциялауға тырысуда деп айыптады.

Дипломаттың айтуынша, Украина қазіргі кезде «Путиннің мазмұнды келіссөздерге, екіжақты да, үшжақты да кездесуге дайын екендігін көрсететін ешқандай белгі байқамайды».

Фото: Spencer Platt/Getty Images