457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ Ресейге «ауқымды санкциялар» салуы мүмкін – Трамп

 

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде журналистерге мәлімдеме жасап, екі апта ішінде Ресейге қарсы «ауқымды санкциялар» енгізу-енгізбеу жөнінде шешім қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

22 тамыз, жұма күні сөз сөйлеген ол Украинадағы бейбіт реттеу процесінің ілгерілеуіне қатысты және Мәскеудің оған үлес қосқысы келмеген жағдайда жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.

Трамптың айтуынша, АҚШ «ауқымды санкциялар» енгізуі мүмкін немесе «ешқандай шара қолданбауы» ықтимал.

Ақ үйдегі баспасөз мәслихатына президент «Trump was right about everything» («Трамп барлық нәрседе дұрыс болды») деген жазуы бар кепкамен келген.

«Екі аптадан кейін менің қай бағытты таңдайтыным белгілі болады. Бұл – ауқымды санкциялар енгізілеме, әлде тарифтер қойыла ма, мүмкін екеуі де. Немесе мүлде ештеңе істемей, “Бұл – сіздердің күрестеріңіз” деп қоя саламыз дегенді білдіреді», – деді АҚШ басшысы.

Фото: Jacquelyn Martin/AP Photo/picture alliance

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00