Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Сұхбат

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

Қанат Тілеухан Авторы: Қанат Тілеухан
11.01.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Тәуелсіз бақылаушы Бесжан КҮМІСБЕКТЕГІ кеше өткен мәжіліс және мәслихат сайлауы әділетті өткен жоқ деп есептейді. Оппозициялық партиясыз өткен сайлауда заңсыздықтарға куә болыпты. Бұл туралы ол «Жаңа Алаш» ютуб каналына берген сұхбатында айтты.

«Кеше таңғы бестен бастап сайлау процессін бақыладым. Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы 502 сайлау учаскісінде болдым. 2400 адам дауыс беруі тиіс еді. Тек қана 265 адам ғана келді. 12 заң бұзушылықты тіркедім. Қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов жақтастарына дауыстарыңды «Ақ жол» партиясына беріңдер. Және  бюллетеньді гармошка етіп тастаңдар деген болатын. Мен сондай 70 бюллетень көрдім. Бір топ жастар дауысымызды «Адалға» береміз деп ашық айтып келді. Тағы бір топ ағалар «Ауылға» дауыс бердік деп шығып жатты. Нақ менің учаскімде Nur Otan женген жоқ», – деді Бесжан Күмісбектегі.  

Сондай-ақ, қоғамдық белсенді өзіне түрлі кедергілер жасалғанын айтады.

«Барлық заңсыздықтарды телефонға түсіресің ғой. Фото, видео дегендей. Бір кезде телефонымның қуаты таусыла бастады. Тоққа жалғайын десем рұқсат етпейді. Электор қуаты нашар. Компьютерлеріміз өшіп қалуы мүмкін дейді. Содан тәуелсіз бақылаушылар штабына хабарластым. Олар 5 метрлік тоқбау әкеп берді. Оны да қостырмай қойды. Ақыры телефонымды көрші бөлмеге зарядтауға апардым. 20 минуттан кейін алайын деп барсам есікті жауып кетіпті. Түрлі сылтаулар айтылып ол бөлменің кілті табылмады. Ақыры телефонымды кешкі 20-30 бірақ алдым. Сөйтіп түстен кейін қолым байланды да қалды. Тағы бір қызық оқиға болды. Дауыс беруге аяғы ауыр әйел адам келді. Шығып бара жатып басы айналып тұрып қалды. Сайлау комиссиясының төрағасы көмектесіп жібер дегесін сыртқа алып шықтым. Енді қайтып кірейін десем есікті жауып алған. Басқа жақтан айналып келгенімше бюллетеньдерді топтап тастап жіберген», – дейді Бесжан Күмісбектегі.

Сұхбатты толықтай  аудио  нұсқадан тыңдай аласыздар.

Фото: Malim.kz

Tags: Бесжан Күмісбектегізаңсыз сайлауҚанат Тілеухансайлау 2021сайлаудағы заңсыздықтартәуелсіз бақылаушы

Ұқсас жазбалар

https://t.me/vlastkz/5586

Ермахан Ыбрайымов: Мен титушка емеспін

Авторы: Елнұр Бақытқызы
11.01.2021
0

Сайлау күні Алматыдағы Республика алаңында полиция жасағы "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының мүшелері және Жанболат Мамай мен оның жақтастарын қоршауға алып, кеттлинг...

Берекет Кәрібаев

Біз енді орыстар жазған тарихты оқымаймыз

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
30.12.2020
0

2020 жыл аяқталып, 2021 жылды күнтізбенің жаңа парағынан бастағалы отырмыз. Тақуа тарихтың қойнауына кетер жылдың етегінен ұстап тұра алмаймыз. Сынаптай...

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

Авторы: malim
24.12.2020
0

Ұлт тағдыры қозғалысының төрағасы, саясаткер Дос Көшім бұл сұхбатында "Қазақстан жері Ресейдің сыйлығы" деп мәлімдеген ресейлік депутаттар мәлімдемесіне қатысты және...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Абай шығармалары әлемнің 10 тіліне аударылды

12.08.2020

«Бір тал кессең, он тал ек»

05.02.2020

«Еңбек» 6 айда 283 мың адамды жұмыспен қамтыды

22.07.2020
доллар

Мемлекет басшысы Қытай қарызын төлеу үшін уақыт сұрады

15.04.2020

Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады

20.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!