Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Депутаттар мәжіліс төрағасын сайлады

malim Авторы: malim
15.01.2021
Share on FacebookShare on Twitter

Парламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттары жаңа спикерді сайлады. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді спикер етіп сайлады.

Мәжілістегі Nur Otan фракциясы атынан сөйлеген Дархан Мыңбай  мәжіліс төрағасына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды.

Депутаттар мәжіліс спикерлігіне басқа кандидаттарды ұсынған  жоқ.

Дауыс беруге қатысқан депуттардың барлығы бірауыздан Нұрлан Нығматулинді мәжіліс спикері етіп сайлады.

Ал Балайым  Кесебаева мен Павел Казанцев бірауыздан мәжілістің вице-спикерлері болып сайланды.

Депутаттар жеті комитет төрағасын сайлады.

Әр комитет төрағасын мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ұсынды. Депутаттардың ешқайсысы қарсылық білдірмей, бірауыздан Нығматулин ұсынған кандидаттарға дауыс берді.

Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы болып “Ақ жол” партиясының өкілі Ерлан Барлыбаев сайланды. Нұрлан Нығматулин оны “парламенттік оппозиция өкілі” деп таныстырды. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы болып Жәмила Нұрмамбетова, заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің төрағасы болып Қанат Мусин сайланды. Қаржы және бюджет комитетінің төрағалығына Марат Құсайынов сайланса, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы болып Бельгияда елші болған дипломат Айгүл Құспан, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетіне Халық партиясының өкілі Александр Милютин, ал экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып Альберт Рау сайланды.

14 қаңтар күні Nur Otan партиясы фракциясының отырысында экс-президент, Nur Otan партиясының Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс төрағасына Нұрлан Нығматулинді, ал вице-спикерлікке Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевті ұсынған болатын.

 

 

Tags: мәжіліс депутаттарыМәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинмәжіліс төрағасы Нұрлан НығматулинНұрлан Нығматулинпарламент мәжілісінің VII шақырылымдағы депутаттарыпарламент мәжілісінің депутаттары

Ұқсас жазбалар

Софы СМАТАЕВ. Неткен шексіз қазақта шыдам деген

Авторы: malim
01.03.2021
0

*** Жанымды жүр үңгілеп басқа бір мұң, Қастерлетіп қадірін қасқағымның. Жүрегімнің атойшыл дүрсілдері Естіртпейді өксігін бастағы үннің.   Алдандым ба...

Сағынтаевтың әкімдігі Боранбаевтың қонақ үйін жалдап жатыр

Авторы: Елнұр Бақытқызы
01.03.2021
0

Бақытжан Сағынтаев басқаратын Алматы әкімдігі Essentai Tower ғимаратында орналасқан аса қымбат The Ritz Carlton Almaty қонақ үйін жалдауға бюджеттің 25...

Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

Авторы: malim
01.03.2021
0

Нұр-Сұлтан әкімдігінде аналар сегізінші күн түнеуде. Аналар «ана мен баланың жағдайын жасау», «көп балалы аналарға үй беру», «лайықты жұмыс орындарын...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Президент пара сұраған шенеунікті атуға рұқсат берді

16.07.2020

Діни басқарма телеарна ашпақ

02.11.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мораторийды тағы бір жылға созды

28.12.2020

Ұлттық кеңес араша түспеген мәселеге АҚШ алаңдаулы

20.04.2020

“Өзгенің үйін тонау патриоттық емес”

12.02.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!