Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Арман Қайыпхан

  • 01.04.2025

Экс-мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің үлкен ұлы Нұржан Нұрланов рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Сұрауда көрсетілген факті бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 389-бабы (өз бетінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта іс бойынша жан-жақты, толық әрі объективті тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні КазТАГ редакциясының сұранысына жауап ретінде.

Бизнесмен Қанат Амиркин Нұржан Нұрланов "Алатаудорстрой" компаниясын тартып алып, ірі көлемде ақша талап еткенін айтқан.

"Тергеу жүріп жатыр. Компанияны қайта рәсімдеу фактісі бойынша әзірге «Өз бетінше билік ету» бабы қолданылды. Бірақ менің ойымша, бұл іс рейдерлікке қайта сараланып, «Алатаудорстрой» компаниясы мен Үлкен Алматы айналма жолы (ВОАД) бойындағы жер учаскесін заңсыз тартып алу бойынша алаяқтық бабы қосылуы мүмкін", – деді Амиркин КазТАГ-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, Нұржан Нұрланов 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылғы қаңтар оқиғасына дейін "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-нің бас директоры болған.

Оған дейін, 2018 жылдың қаңтарынан бастап, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі басқармасының мүшесі қызметін атқарған. Бұған қоса, ол Қазақстанның квазимемлекеттік секторында бірқатар маңызды қызметтерді атқарған.

Нұрлан Нығматулин 2022 жылғы 1 ақпанда Мәжіліс спикері қызметінен кеткен. Ол 2016 жылдан бастап Мәжілісті басқарған, бұл оның екінші төрағалық етуі болатын – бұған дейін ол 2012-2014 жылдары Мәжіліс спикері болған. Әр жылдары Президент Әкімшілігін басқарған және Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған.

Фото: КазТАГ

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады