Рейдерлік іс: Нығматулиннің ұлы туралы не белгілі?

Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты тергеу ісі туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) кейбір мәліметтерді жария етті

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

Экс-Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты тергеу ісі туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) кейбір мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Сәуірдің басында БАҚ-та Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Ішкі істер министрлігі Алматы қаласы полициясы Қылмыстық кодекстің 389-бабы "Өз бетінше билік ету" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын растаған.

Бұл бап бойынша ең төменгі жаза — 80 АЕК (2025 жылы 314 560 теңге), ал ең ауыры — 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

ҚМА не дейді?

Кейін Қаржы мониторингі агенттігіне бұл іс берілген. ҚМА ресми жауапта:

"Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті бұрын Алматы қаласы полиция департаментінде тіркелген рейдерлік дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр" – делінген.

Рейдерлік (ҚК 249-бап) бойынша ең төмен жаза — 5000 АЕК (шамамен 19,6 млн теңге), ал ең ауыр жаза — 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Демек, іс не қайта сараланған болуы мүмкін, не екі тергеу қатар жүргізіліп жатыр. Бұл жайлы ҚМА нақтыламады.

Нұржан Нұрланов кім?

Ол 1988 жылы 10 мамырда туған.
2010 жылы Лондондағы American InterContinental University-де бизнес-әкімшілендіру мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
2014 жылы University of Wales-те магистратураны аяқтаған.

Мансабын 2011 жылы KAZNEX INVEST-те бастаған.
Әр жылдары:

Премьер-министр кеңсесінде сарапшы,

«ҚазТрансГаз Аймақ» және «ҚазТрансГаз» АҚ-да басшылық қызметтер,

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің мүшесі,

2019-2022 жж. – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бас директоры,

«ҚазРосГаз», «Амангельды ГАЗ», «Бәйтерек девелопмент», «ҚазИпотека» компанияларында директорлар кеңесінде болған.

Арғын Нығматулиннің ісі

Экс-спикер Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге қатысты нақты қылмыстық іс қозғалған. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету (ҚК 189-бап, 4-бөлім, 2-тармақ) бабы бойынша күдікке ілінген.

Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарған, Арғын Нығматулин іздеуге жарияланған.

Бап бойынша жаза — 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру.

Іздеу ісі 2025 жылы 3 наурызда Астанада тіркелген. Тергеу прокуратураның бастамасымен жүргізіліп жатыр.

Генпрокуратура Арғын Нығматулин және басқа тұлғалар Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінгенін хабарлады.

Арғын Нығматулин – 1955 жылы 28 маусымда туған. 2007–2018 жж. «Сарыарқа» хоккей клубының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болған.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Дағыстандағы террорлық шабуылды ұйымдастырушы анықталды

28.06.2024

Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап клип шығарды (ВИДЕО)

16.05.2024

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

14.05.2024

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды

04.06.2021
MalimBlocks
Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Дағыстандағы террорлық шабуылды ұйымдастырушы анықталды

Осман Омаров серіктестерінен оны топтың жалғыз көшбасшысы деп тануды және оған ант беруді талап еткені туралы хабарланды.

Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап клип шығарды (ВИДЕО)

Әннің сөзі мен музыкасын Александр Цой жазған.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

Жоғарғы сот істі қайта қарады.

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Нығматулиннің ұлы лауазымды қызметке тағайындалды