Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 2 жылға бас бостандығынан шектелді

Жоғарғы сот істі қайта қарады.

Сабина Асқарқызы

  • 14.05.2024

Жоғарғы сотта екі заңгерді соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Malim.kz.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Нұрасыл Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын. 

Сот үкімімен 500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.

Апелляциядан соң сот үкімі өзгертіліп, Нұрасыл Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.

Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті. Олар сот актілерін өзгертіп, айыпталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Нұрасыл Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жәбірленушінің әрқайсысына берілетін моральдық залалдың өтемақы мөлшері 1 миллион теңгеге дейін өсті.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Үш айда қылмыстық істер саны артқан — Жоғарғы сот

28.04.2025

Ресейде «Талибан» террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды

17.04.2025

Рейдерлік іс: Нығматулиннің ұлы туралы не белгілі?

16.04.2025

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

12.04.2025

Атбасардағы азаптау ісі: алқабилер үкімінің күші жойылды

11.04.2025

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

09.04.2025
MalimBlocks
Үш айда қылмыстық істер саны артқан — Жоғарғы сот

Ресейде «Талибан» террористік ұйымдар тізімінен алынып тасталды

Рейдерлік іс: Нығматулиннің ұлы туралы не белгілі?

Бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты тергеу ісі туралы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) кейбір мәліметтерді жария етті

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті

Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметтен кетті, оның Біріккен күрес әлемі бюросындағы қызметі аяқталды

Атбасардағы азаптау ісі: алқабилер үкімінің күші жойылды

Ақмола облысында 12 ҚАЖ (қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкеріне қатысты атышулы істегі үкімнің күші жойылды

Күзетшіні көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты