Ғылымға он есе көп қаржы бөлінбек

Malim Админ

  • 24.02.2020

Қазақстанда ғылым саласына бөлінетін қаржы артпақ. Бүгін, ақпанның 25-сі күні білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған ғылым саласына бөлінетін қаржыны көбейтуді тапсырды.

Білім және ғылым министрі президентке білім және ғылым саласының қазіргі ахуалын баяндаған. Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру сапасын арттыру, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының деңгейін сәйкестендіруге мән берген. Сондай-ақ балаларға қосымша білім беру шараларын көбейту, мектептерде тәрбие жұмыстарын белсенді жүргізу мәселесіне назар аударды.

Қ.Тоқаев облыс әкімдерімен бірлесіп апатты және үш ауысымдағы мектептердің проблемасын шешу, білім беру ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ Президент ғылым саласын қаржыландыру және басқару жүйесін жаңғырту шараларын қабылдауды, ғылымға бөлінетін қаржы көлемін көбейтуді, ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттыруды тапсырды.

Бұған дейін үкімет 2020 жылдан 2023 жыл аралығында, әр жыл сайын жас ғалымдардың ғылыми жобаларына бөлінетін гранттар сомасын арттыратынын мәлімдеген. Енді жас ғалымдардың ғылыми ізденістеріне әр жыл сайын 3 миллиард теңгеден бөлініп отырмақ. Оның үстіне бқрын ғылыми жобаларға гранттарды бөлетін байқау жылына бір мәрте өткізііп келсе, енді байқау жылына екі рет өтетін болады.

Ал жалпы ғылым саласына бөлінетін қаржыға келсек, 2019 жылы бұл мақсатқа 43 миллиард теңге жұмсалса, 2025 жылға қарай жыл сайын өсіп, 431 миллиард теңгеге жетпек. Былайша айтқанда, ғылымға бөлінетін қаржы алдағы бес жылда он есе өспек.

Министр бұған дейін ғылыми институттарға да көңіл бөлініп, олардың материалды-техникалық базасын дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданатынын айтқан.

Министр Аймағамбетов ғылыми инфрақұрылымды модернизациялау және цифрландыру бағытындағы шаралар қолға алынатынын мәлімдеген. Сондай-ақ ғалымдардың біліктілігін арттыру үшін ғылыми ұйымдардың кадрларын қайта даярлау жүргізілетінін жеткізді.

"Мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша ақша тек нақты ғылыми-техникалық тапсырысқа бөлінетін болады. Өйткені осының арқасында белгілі бір нәтижеге жету оңай болмақ. Осы бағдарлама аясында білім саласын қаржыландыру 6 есе өсті, ал ғылымды қаржыланду 7 есе артты. Осы бағдарлама аясында барлығы 11,578 миллиард теңге бөлінбек, Ал құйылған жеке инвестициялар 1,284 миллиард теңгеге жетті. Ғылым мен білім беруді әлеуметтік сала деуге келмейді, өйткені бұл салаға инвестициялар тартылғалы бері ғылым мен білім экономиканың жеке-дара саласына айналды", - дейді А.Аймағамбетов.

 

 

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады