Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

Malim Админ

  • 28.02.2020

Қызылордалық шенеуніктерге кілем керек екен. Облыстық әкімінің аппаратына қарасты іс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында 1430 метрлік жолға төслелетін кілем сатып алуға тапсырыс беріпті.

Ол үшін бюджеттен 18 миллион теңге бөлмек. Бұл дегеніңіз бір үйдің ақшасы. Мәселен krisha.kz сайтынан Қызылордан бұл ақшаға үш бөлмелі пәтер алуға болады.

Әкімдік кілемнің әр метрін 12 700 теңгедей жұмсамақшы. Бұл қызылордалық желі қолданушысы Динара ЭШАТОВАНЫҢ  парақшасында жарияланды.

Айта кету керек, облыс әкімі Қуанышбек ЫСҚАҚОВТЫҢ 19 ақпан күнгі  есебінде ЖСДП-ның өңірдегі филиал басшысы Ләззат БАҚТЫБАЕВА  облыста бюджеттің ақшалары көбіне ысырап болатынын айтып, мәселе көтерген еді. Сол кезде әкім әлеуметтік желілерде облыс белсенділерінің ысырапшылдық мәселесін көтеруі «қыңырлық» дегендей жауап қатқан болатын.

Осылай айтқан аймақ басшысы енді 1,5 шақырымға жуық жолға төслетін кілемшеге миллиондарды шаша салмақ. Осыншама ұзын, жүннен тігілген  кілем  әкімге не үшін қажет екенін облыстық әкімдіктен сұрап білу мүмкін болмады.

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Материалды көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

12.05.2020

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

04.02.2020

Америкадағы қазақ: медицина мешеу, бар амалы – қамап қою

17.04.2020

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры ұсталды

04.02.2020

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

03.04.2020

Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты

20.04.2021
MalimBlocks
Байлық салығын көбейтсе, 165 адам кедейленіп қалмайды

Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын қарыз алып түсірмек пе?

Америкадағы қазақ: медицина мешеу, бар амалы – қамап қою

Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры ұсталды

Өлеңші Томас (шотланд ертегісі)

Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты