Мектептегі бағалау жүйесі өзгермек

Malim Админ

  • 02.02.2020

Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімін бағалау жүйесін өзгертуі мүмкін. Өзгеріс қабылданып жатса, оқушылардың білімі жүз балдық жүйе бойынша бағаланады.

Бұл туралы білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова мәлімдеді. "Жүз балдық жүйе университеттерде қолданылады. Мектептерді осы жүйеге көшіруді қарастырып жатырмыз. Сонда мектеп пен университеттің бағалау жүйесі бір болмақ. Бұрынғыдай "3", "4", "5" деген бағалар болмайды. Бірақ бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді алдағы айларда қабылдайтын боламыз. Педагогтар мен ата-аналарға қандай шешім қабылдағанымызды оқу жылының аяғына қарай хабарлаймыз", - деді вице-министр.

Бүгінде мектептер жиынтық бағалау жүйесі – ТЖБ және БЖБ-ға өткені белгілі. Ол жүйе бойынша ұстаздар жұмыстарды пайыздық көрсеткішпен бағалап, артынша пайызды дәстүрлі бағаға айналдырып есептейді. Бұл мәселеге араласқан депутаттар да министрліктен бағалау жүйесін тезірек реттеуді сұрады. Айта кететіні, ТЖБ мен БЖБ жүйесі ата-аналардың мен оқушылардың қолайына жаға бермейді.  Өйткені ата-аналар одан балаға көп салмақ түседі деген уәждерін келтірген. Дей тұрғанмен министрлік былтырғы жылдың қашрашасында оған өзгерту енгізіп, ТЖБ мен БЖБ тапсырылатын пәндердің санын азайтты. Мәселен, аптасына бір сағат жүретін пәндер бойынша ТЖБ мен БЖБ жарты жылда бір-ақ рет алынатын болады. Сондай-ақ бастауыш әскери дайындық пен информатика сияқты сабақтардан ТЖБ мен БЖБ орнына басқа бағалау жүйесі ендіріледі. Осы өзгерістердің арқасында балалар мен мұғалімдерге түсетін салмақ айтарлықтай азайды.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

26.04.2024

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

25.04.2024

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

22.04.2024

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

18.04.2024

Кітап-ең үлкен қазына

12.04.2024

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

11.04.2024
MalimBlocks
Бүгін – жазушы Сәбит Мұқановтың туған күні

Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниеге келген.

Бүгін – Қалибек Қуанышбаевтың туған күні

1937 жылдан көркем фильмдерге түсіп, қазақтың ұлттық кино өнерін дамытуға мол үлес қосқан.

Бүгін – халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні

Алматы қаласында актер есімімен аталатын көше бар.

Қазақ әдебиетіне үш роман қосылды

Жазушылар «жоба – елдегі әдеби процеске серпін берген бастама» дейді.

Кітап-ең үлкен қазына

Қазіргі таңда өмірімізде ғаламтордың алатын маңызы зор екені белгілі. Дегенмен, осы уақытқа дейін бүкіл адамзат жинаған білімнің негізі кітапта екені дау тудырмайды.

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2012 жылдың басында жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын жобаны бастаған болатын. Студенттер үшін тиімді, кітап оқудың жеңіл түрін ұсынған алғашқы бастама.