ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИДЕГІ «Ŋ» ЖӘНЕ «Ş» ТАҢБАЛАРЫ

Жетілдірелген әліпбиде өзгеріске түскен таңбалардың бірі – «Ŋŋ». Аталмыш әліпбимен таныс болған оқырмандар тарапынан Ŋŋ әрпі неге тильда белгісі (Ññ) бар әріппен берілмеді деген пікірлер көрініс тауып қалып жатыр. Басты себептерін атап өтуді жөн көріп отырмыз:
біріншіден, егер [ың] дыбысын Ññ тильдамен (әріпүсті ирек сызықпен) белгілесек, әріпүсті таңбалардың санын көбейтеміз. Ал кез келген әліпбиде әріпасты және әріпүсті таңбалардың аралас келуі әліпбиді оңай меңгеруге септігін тигізеді;
екіншіден, кирил әліпбиіндегі Ңң әрпінің жанынан қайырылған ілгегі Ŋŋ әрпінің ілгегіне ұқсас. Сондықтан кирилсанадағы үйренуші осы таныс ілгекті автоматты түрде төмен қарай созып, келесі әріппен үзбей жалғастырып жазып кете береді. Әсіресе қолмен жазуда ыңғайлы, ал оқылымда сөз ішінде тез танылады;
үшіншіден, Ŋŋ әрпі дауыссыз [ың] дыбысының мұрынжолды әріп ретінде қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігін дәл бейнелейді. Себебі қазіргі таңда Ңң-ды Нн әрпімен шатастырып жүрген тіл (жастар, орыстілділер) иелмендерінің саны көбейіп жатыр. Енді олардың санасына мұрынжолды [ың] дыбысын таңбайлайтын Ŋŋ әрпі қалыптанып, айтылымы да, жазалымы да орнығуы тиіс;
төртіншіден, 1929 жылы латын графикасына негізделген әліпбиінде пайдаланылған. Мәселен, ұлт зиялылары Н. Төреқұлов, Т. Шонанұлы жобаларында Ŋŋ таңбасымен, ал Х. Досмұхамедұлы жобасында Ņŋ таңбасымен берілген;
бесіншіден, түркі халықтарының ортақ әліпбиінде кездеседі.
Акутты әліпбидегі кейбір сөздерді екіұшты оқылуына мүмкіндік берген SH диграфты әріп Ş седиль деп аталатын диакритикасымен белгіленді. Таңдаудағы басты себептер:
біріншіден, әліпбиде диграфтар, триграфтар болмау керек деген принципіне сәйкес ауыстырылды;
екіншіден, танымалдылығы өте жоғары таңбалардың бірі, өзге түркі (түркі, әзербайжан, түрікмен) халықтарының әліпбиінде кездеседі;
үшіншіден, сауалнама нәтижелері SH диграфты таңбасын Ş-мен ауыстыру туралы ұсыныстар көп болды;
Сонымен ілмектері әріптің астына түскен Ŋ ŋ және Ş ş таңбалардың графикалық бейнесі көзшалымға оңай танылады және оқылымда қиындық туғызбайды. Осы әріптерді таңдауда түркі халықтарымен ортақтығы, араб жазумен жазылатын мәтіндерді транскрипциялауда қолайлығы да ескерілді.
Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері
Ең көп оқылған
Кәсіпкер Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер сыйлады
Политика
|
11.09.2025 22:44
2025-09-11 22:44:00
Ресей әскерлері қоршауға алынып жатыр. Бұл соғыстың тағдыршешті сәті болуы мүмкін.
Политика
|
17.09.2025 18:56
2025-09-17 18:56:00
Мас күйінде тәртіп бұзды деп айыпталған прокурор ақталып шықты
Политика
|
12.09.2025 12:45
2025-09-12 12:45:00
Әкесін сабаған ұлының әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Политика
|
12.09.2025 11:55
2025-09-12 11:55:00
Ерекше рейд: Полиция трассадағы жүргізушілерді ұйықтауға мәжбүрлеген
Политика
|
14.09.2025 14:09
2025-09-14 14:09:00
Қуат Хамитов: Депутаттар елдің мәселесін шешуі керек, құттықтайтын уақыт емес
Политика
|
11.09.2025 20:27
2025-09-11 20:27:00
"Сабыр сақтаңыздар": Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Политика
|
12.09.2025 20:55
2025-09-12 20:55:00