Нұр-Сұлтан жұмысын жарнамалауға 77 миллион жұмсалмақ

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 12.03.2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жұмысын БАҚ-та жарнамалау үшін 77 миллион жұмсамақ.

Мемлекеттік сатып алулар порталында ілінген хабарламада Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасы 77 365 178 60 теңгеге тендер жариялағаны көрсетілген. № 39827669-ОК1 лоттың техникалық ерекшелік жөніндегі хаттамасында «қызметті көрсету шеңберінде өнім беруші ақпараттық материалдарды кемінде 15 интернет-ресурста орналастыруы қажеттігі және барлық ақпарат тапсырыс берушінің (Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының) келісімімен жасалуы керектігі» айтылған.

Бұдан бөлек, өнім берушіге қойылатын талаптар қатарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев, парламент пен үкімет, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен мәслихаты жүргізетін мемлекеттік саясат түсіндіретін ақпараттар қазақ және орыс тілінде дайындау және жариялау бар.

Өтінімдерді қабылдау 17 наурыз күні сағат 9:00-де басталып, сәуірдің 1-і күні 9:00-де аяқталады деп жоспарланған.

Нұр-Сұлтан әкімдігі жұмысын қыруар қаржыға БАҚ пен әлеуметтік желіде жарнамалауға қатысты дауға бұған дейін де қалған. 2020 жылы БАҚ-та «Нұр-Сұлтан әкімдігі шаһар басшысы Алтай Көлгіновтың жұмысына пиар жасау мақсатында Dasco Data Com компаниясымен 125 миллион теңгеге келісімшартқа отырғаны жөнінде» ақпарат тараған. Кейіннен Көлгінов бұл келісімнің күші жойылғанын, бұл жұмыспен айналысқан басқарма басшысы жауапқа тартылғанын және 2020 жылы да, 2021 жылы да әкімдік жұмысын жарнамалауға бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбегенін айтқан.

«Бұны ойлап тапқан басқарма басшысы жауапқа тартылды. Бұл лот жойылды, ол қазір жоқ. Бірқатар БАҚ бұны дұрыс көрсетпеген... 2020 жылы әкімдік имиджінне ешқандай қаржы бөлінген жоқ. 2021 жылы да қазынадан бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған», - деген Көлгінов.

Ал әкімнің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева өзінің "Facebook" парақшасына қала басшысының ақша төлеп, пікір сатып алуға мұқтаж еместігін және әкімдік жұмысын халық үшін жасап жатқанын жазған.

 

Алтай Көлгінов пен Нұр-Сұлтан әкімдігі жарнамасыз ақ соңғы уақыттары БАҚ бетінен түспейтін болды. Осыдан бірнеше күн бұрын елорда әкімдігіне бір топ ана түніп, әкімның халықтың алдына шығуын талап еткен. Бірақ аналар әкімдік дәлізіне екі апта қонған уақытта Көлгініов олармен бірде-бір рет кездеспеген...

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады

12.04.2024

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

10.04.2024

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

05.04.2024

Таразда жасыл желектерді күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге жұмсалған

05.04.2024

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

27.03.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды.

Бір күректі 81 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған: Антикор өңірлердегі былықты жайып салды

Нәтижесінде оның бағасы 3200 теңгеге төмендетілген.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді

Екі ел басшылары өңірлік күн тәртібін талқылап, халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін қарастырды.

Таразда жасыл желектерді күтіп ұстауға 1,7 млрд теңге жұмсалған

Жеңімпаз – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС.

Шарлапаев утильалым мөлшерін төмендетуге қарсы екенін айтты

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еліміздегі утиль алым мөлшерлемесін төмендетуге неліктен қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.