Мұхтар ЖӘКІШЕВ бостандыққа шығады

  • 03.03.2020
  • Malim Админ

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВТІҢ үшінші өтініші қанағаттандырылды.

Семей қалалық №2 соты бүгін Мұхтар Жәкішевтің үшінші өтінішін қарады. Сотқа судья Әбенова, сот отырысының хатшысы Ғұсманова, пракурор Аймолда, Жәкішевтің қорғаушысы Бейсекеев, ОВ-156/14 мекемесінің өкілі Исабеков және журналистер қатысты. Сот шешімі бойынша Мұхтар Жәкішев "пробациялық бақылауға алынады, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды".

Бұған дейін «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар ЖӘКІШЕВ үшінші рет мерзімінен бұрын басатуды сұрап, өтініш жазғанын хабарлаған едік. Жәкішевтің қорғаушысы Нұрлан Байсекеев фейсбук парақшасында: «2020 жылдың 6 ақпанында Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен бұрын босатуды сұрап, өтініш жазды. Жәкішев өтінішін Семей қаласының соты қабылдап алды» деген болатын.

Оқи отырыңыз: Жәкішевтің үшінші өтініші

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Informburo ақпараттық  порталына берген сұхбатында «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхат ЖӘКІШЕВТІҢ мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөніндегі өтінішін қарайтын сот «әділ шешім шығаратынына сенімді» екенін айтқан еді.

«Әрине, Жәкішев бұған дейін денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу жөнінде өтініштер түсіргенін білемін. Бұл мәселе тікелей соттың құзыретінде. 3 наурыз күні сот өтеді. Сол соттың шешімін күтейік. Сот әділетті шешім шығаратынына сенімдімін», – деген Тоқаев.

Бұған дейін Мұхтар Жәкішевке араша түсіп, Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігіне сұрау салған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Комитеті Жәкішевтің құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған.

Ал былтыр жазда Семей қаласының соты «Қазатомпром» ұлттық компаниясының экс-басшысының мерзімінен бұрын босату туралы екінші өтінішін қарап, қанағаттандырмаған.

2018 жылы 28 қарашада Мұхтар Жәкішевтің алғашқы  арызын Семейдің №2 соты қанағаттандырмаған еді. Соттың хабарлауынша, бұған сотталушының «шығынды өтемеуі себеп болған».

55 жастағы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Қазір жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр.

Былтыр Мұхтар Жәкішев хәл үстінде жатқан анасы – Раиса Жәкішевамен кездесуге, кейін анасы қайтыс болғанда жерлеуге жіберуге өтініш жасаған. Бірақ түрме басшылығы екеуінде де рұқсат бермеген болатын.

Нұрлан Бейсекеев: «Түрмеде үшінші топ мүгедектігі расталып отырған Жәкішевтің жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Мерзімінен бұрын босатуға қарсы болған сот шешімі жоғарғы сот қаулысына қайшы» деп айтқан болатын.

Байланысты жаналықтар

Ақша игере алмаған министрліктерді атады

29.10.2020

Президент сөзі: Төртінші онжылдықта не күтіп тұр?

15.12.2020

«42 500 алуға қайтыс болғандар да өтініш беріп жатыр»

13.04.2020

Аймағамбетовке дейінгілер ай қарап келген бе?

17.02.2020

Келмейтін инвестор іздеу немесе 12 миллиард доллар қайда?

14.05.2020

Баталов аудан атын өзгертемін деп уәде берген жоқ

20.06.2020