Жәкішев Мәсімовтің зәулім үйін сатып алғаны рас па?

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Ресейлік БАҚ-тар қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев Кәрім Мәсімовтің үйін сатып алды деген ақпаратты таратты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

МӘН-ЖАЙ

Ресейлік “Политика 2.0” порталында “Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің миллиондаған шығындары: Мәсімовтің үйін және Дубайда қыздарына сатып алды” деген тақырыпта материал жарияланған. 

Басылым материалда Жәкішев Мәсімовтің Астанада сатылымға қойылған зәулім үйін аукцион өтпей жатып сатып алғаны туралы жазған. Ресейлік журналистер қазақстандық қайтарылған активтерді басқару компаниясына сілтеме жасап, Жәкішев жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша келісімге келгенін хабарлаған. 

КОМПАНИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл ақпаратқа қайтарылған активтерді басқару компаниясы пікір білдіріп, мәліметте жоққа шығарды. 

"Әлеуметтік желілерде қайтарылған активтердің бірі аукцион өткізілместен сатылып, тіпті оның сатып алушысы анықталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Барлық активтер тек қана "E-Qazyna" мемлекеттік порталында Активтерді басқару қағидаларына қатаң сәйкестікте сатылады", - делінген компания жауабында. 

МӘСІМОВТІҢ ҮЙІ

Еске салайық, 18 наурызда Астанада Мәсімовтің зәулім үйі тағы аукционға қойылған болатын.  Үйдің бастапқы бағасы бұрынғыдай – 1,8 млрд теңге. Кепілдік жарна – 117,9 млн теңге.

Сауда түрі: Бағаны көтеру бойынша аукцион;

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 28 наурызға дейін;

Аукцион ертең, 28 наурызда таңғы сағат 10:00-де басталады. 

Фото: Malim.kz коллажы

Байланысты жаналықтар

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

27.04.2025

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

25.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025
MalimBlocks
Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

Ақмола облысында шенеунік жетім балаға арналған үйде тұрған

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты