Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Тоқаев Шекара қызметін қайта құрмақ

malim Авторы: malim
03.03.2020
Share on FacebookShare on Twitter

ҰҚК Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрық жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін қайта құруы мүмкін.

Құжат Ашық электронды үкімет сайтында 17 наурызға дейін көпшілік талқылау үшін жарияланды. Құжатта мына мәселелер нақты жазылған.

  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  2. Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес қайта ұйымдастырылсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін Шекара қызметінің республикалық мемлекеттік мекемелері осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын (қызмет бабында пайдалану үшін).
  4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
  5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҰҚК Шекара қызметі – Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғайтын, күзететін арнайы қызмет. Республика шекарасын бұзатын, оның бүтіндігіне қауіп төндіретін әрекеттерді бақылайды. ҰҚК құрамына кіреді.

Tags: Ашық электронды үкіметҚасым-Жомарт ТоқаевҰҚК Шекара қызметіҰлттық қауіпсіздік комитеті

Ұқсас жазбалар

Сурет: islam-today.ru

Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған дұрыс?

Авторы: malim
12.04.2021
0

Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол...

“Махаббат үйі” тұрғындары: адамдар бізден неге қорқады?

Авторы: Айшолпан КЕРІМ
12.04.2021
0

Бес жыл бұрын менталды ауытқуы бар адамдарды қоғамға сіңістіру үшін жаңа жоба басталды. Өмір бойы ауруханада тұрып келген түрлі ауытқуы...

Қия, үстірт, адыр, қыр, қырат, жон, жотаның не екенін білесіз бе?

Авторы: malim
12.04.2021
0

Қазақ топонимикасында халықтық географиялық терминге айналып кеткен бірқатар атаулар бар.  Оларға шөл, шөлейт, қыр, қырат, төс, төскей,  асу, бел, жон,...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Министр А.Аймағамбетов.

Аймағамбетов қырын қарап отырған университеттер

18.09.2020

“Өзгенің үйін тонау патриоттық емес”

12.02.2020
Көрнекі сурет: rbc.ru

Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

08.06.2020

Жанкештi жазушы

22.05.2020
Алматы қаласындағы Бәйкен мешіті

Мешітке отыз адамнан артық кіруге болмайды

12.06.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!