457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

РФ әуе шабуылы: Львов пен Харьковқа дрондармен соққы жасалды

Львовқа 10-нан астам Shahed типті дронмен соққы жасалды. Бұл туралы облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Максим Козицкий Telegram-да, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

“Қаланың бірнеше ауданында жарылыстар болды. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ”, – деп жазды Львов мэрі Андрей Садовый.
Оның айтуынша, шабуыл салдарынан бірнеше үй мен балабақшаға зақым келген.

Польша армиясының жедел командованиесі Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясы Батыс Украинаға соққы бергенін хабарлап, осыған байланысты “Польша мен одақтас елдердің ӘӘК” кезекші жойғыш ұшақтарды әуеге көтергенін мәлімдеді.

Харьковқа жасалған шабуыл салдарынан екі адам зардап шекті: 55 және 33 жастағы ер адамдар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады облыстық әскери әкімшіліктің басшысы Олег Синегубов. Қалаға екі КАБ (авиабомба) және сегіз дронмен соққы жасалған. “Негізгі соққы бірнеше жылдан бері жұмыс істемей тұрған кәсіпорынға тиді”, – деп жазды қала мэрі Игорь Терехов. Оның айтуынша, дрондардың бірі маңызды инфрақұрылым нысанына да тиіп кеткен.
Фото: DW