Жамбыл облысында ҰҚК-нің екі қызметкері қаза тапты

Жамбыл облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.
Оқиға Айша бибі ауылы маңындағы тас жолда тіркелген. Toyota Camry мен Mitsubishi Pajero маркалы екі көлік соқтығысқан.
Полиция мәліметінше, Toyota жүргізушісі Шолдала ауылы бағытынан келе жатып, басты жолмен келе жатқан Mitsubishi көлігімен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: pixabay.com


Ең көп оқылған
