Трамп Украинаға жаңа қаржылай көмек бөлуі мүмкін

Трамп Украинаға кемінде бірнеше миллиард доллар көлемінде көмек көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Олардың пікірінше, бұл қадам «соңғы күндері дрондар мен зымырандар арқылы Украинаға соққы жасаған Ресейге белгі беру» мақсатында жасалуы мүмкін.
Қаржыландыру көзі әзірге нақты емес. Алайда шенеуніктердің мәліметінше, Дональд Трамптың қарамағында Байден президенттігі кезінде бөлінген, бірақ пайдаланылмай қалған 3,85 миллиард доллар бар. Бұл қаржы АҚШ-тың әскери техникасын Украинаға жөнелтуге жұмсалуы ықтимал.
Сонымен қатар, қазіргі АҚШ президенті Ресейдің шетелде бұғатталған шамамен 5 миллиард доллар көлеміндегі активтерін тәркілеп, Украинаны қолдауға бағыттай алады. Алайда бұл өкілеттікті әзірге не Трамп, не Байден қолданған жоқ.
Фото: Brandon Bell / Getty Images


Ең көп оқылған
