Биылдан бастап мектеп түлектері мен тестілеуге қатысушылар ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Ең үздік тест нәтижесін жоғарғы оқу орындарына ұйымдастырылатын мемлекеттік грант конкурсына тапсыра алады. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады.
Білім және ғылым министрі Шопан Қаринованың айтуынша, бұл тест тапсырушыларға жасалған мүмкіндік.
“Бұған дейін тест тапсырушылардың бір ғана мүмкіндігі болатын. Тестен қандай балл жинаса, жоғарғы оқу орындарындағы мемлекеттік грант конкурсына соны тапсыратын. Ал биыл екі мүмкіндік беріп отырмыз. Бір ҰБТ-дан 85 балл алса, екіншіден 100 балл алса, үздік нәтижені мемлекеттік гранттар конкурсына тапсыра алады”, – деді Ш.Қаринова.
“ҰБТ сәуір, мамыр, маусым айларында өтеді. Бұл ҰБТ тапсырушылардың өздері үшін ыңғайлы. ҰБТ-ны қай жерде және қашан тапсыратынын түлектің өзі таңдайды. Түлек немесе ҰБТ-ға қатысушының тесті бұрынғыдай бір рет емес, екі рет тапсыруға құқығы болады”, – деді білім және ғылым жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Сондай-ақ биыдан бастап ҰБТ электронды форматта өтетіні хабарланды.
Оқи отырыңыз: ҰБТ электронды форматта өтеді