457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҰБТ-да 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханға пәтер сыйланды

ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған оқушы Жәнібек Әбілханға қосымша білім беру орталығының басшылығы пәтердің сертификатын табыс етті, – деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұған дейін аталған білім беру орталығы әлеуметтік желідегі парақшасында 140 балл жинаған түлекке пәтер берілетіндігін мәлімдеген екен. Сол орталықта білім алған Жәнібек Әбілхан ҰБТ-дан 140 ұпай жинап, енді оқу орталығы оған пәтердің сертификатын табыстаған.

Білім беру орталығының өкілдерінің мәліметінше, тұрғын үй Жәнібек оқуға түсетін қаладан алынады. 

Сонымен қатар, ҰБТ-дағы жоғары нәтижесі үшін Жәнібекке iPhone смартфоны, ноутбук, теледидар және басқа  бағалы сыйлықтар тарту етілген.

Бүған дейін біз Қазақстанда ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинаған оқушы белгілі болды деп жазған болатынбыз. 

Фото: Aikyn.kz