Каспийде екі адамды құтқарып, өзі батып кеткен ер адамның отбасына пәтер берілді

Ақтауда Каспий теңізінде адамдарды құтқарамын деп қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қайғылы оқиға 26 шілде күні Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында болды. Ерлан Шонтабаев шомылуға арналмаған жерде суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды. Онымен бірге тағы бір ер адам көмекке ұмтылған. Алайда үшінші адамды алып шығу әрекеті қайғылы аяқталып, Ерлан қатты толқын салдарынан көз жұмды.
«Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтаудан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Толықтай қоныстануға дайын баспана құрылыс компаниясының демеушілік қолдауымен берілді. Сондай-ақ материалдық көмек көрсетілді», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Ең көп оқылған
