457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Каспийдегі триллер: инспекторлар балықшыларды атқан ба?

IMAGE: ©azh.kz

9 қыркүйекте Құрманғазы ауданында Каспий теңізіндегі Новинский каналы маңында балықшыларға қатысты қайғылы жағдай болды. Сол күні балық қорғау қызметі рейд жасаған кезде бір адам қаза тапты. azh.kz басылымы (авторы - Айнұр САПАРОВА) оқиғаның инспекция айтқан нұсқасын келтіреді.

Интернетте инспекторлар балықшыларға оқ атты деген хабар тараған болатын. Жайық-Каспий өңірлік балық шаруашылығы инспекциясы ондай ақпаратты жоққа шығарып, атыс болмағанын айтып, өз нұсқасын ұсынды.

Осы инспекцияға қарасты Теңіз балық инспекциясы бөлімі басшысы Мерей Каштенбай оқиғаның басы-қасында болған. Ол инспекторлардың теңіз жақтан келе жатқан үш қайықты байқағанын айтты. Патруль жақындаған кезде қайықтар маневр жасай бастаған: екеуі инспекторлардың қайығының жүруіне кедергі келтірген. Ал үшінші қайықтан суға балыққа ұқсайтын бір нәрселерді лақтырған. Инспектордың айтуынша, бұл жағдайдың бәрі видеоға жазылған.

Жарты сағаттай соңынан еріп жүрген. Екі қайық бөлек кетіп қалып, жай жүретін үшінші қайық тоқтап қалған. Инспекторлар жанына келіп жақындағанда ішінде үш адам бар екен, біреуі талып жатқан.  


«Біз әріптестерімізбен бірге талып қалған кісіні өзіміздің қайығымызға көтеріп салдық. Жатқан жерінің астына көрпе төседік. Қалың киімнен демі қысылып қалған болар деген оймен үстіндегі киімдерін, сосын шұлығы мен аяқ киімін де біртіндеп шешіп, есін жинасын деген ниетпен бетіне су шаштық. Сол кезде ол адам дем алып жатты».  


Каштенбайдың айтуынша, жанындағылар ер адамның бұған дейін үйінде екі рет талып қалғанын айтты. Оны "неге балық аулауға бірге алып жүрсіңдер?" деген сұрағы жауапсыз қалған. 


«...Атырауға жеткенше 200 шақырым жол жүру керек болады, сондықтан жанындағылардың өтінішімен 80 шақырымдай жердегі Зинеден ауылын бетке алдық. Балықшыларды сол жерде машина күтіп тұрды», —


деп түсіндірді Каштенбай.

 

«Бізді атып тастады!» 

Инспектордың айтуынша, балықшылардың бірі рациядан «бізді атып тастады!» деп рациядан айқайлап үлгеріп, қолындағы рациясын да, GPS құрылғысын да жанталаса суға лақтырып жіберіпті.


«Оны жайдан-жай лақтырмайды, себебі оның ішінде жүрген жолдары жазылып қалады. Сол арқылы ау құралдары қайда жатқанын көруге болады», —


деді Каштенбай.

Кейін балықшы талып қалған жігіт жанында тұрғанда «жерге гүрс етіп құлап қалғасын атып тастады деп ойладым» деді.

...Зардап шегушіні жағалауға жеткізгеннен кейін инспекторлар Атыраудағы постқа оралды. Оқиға туралы басшылыққа хабарланды. Қазіргі уақытта жағдайларды Исатай аудандық полиция бөлімшесі тергеу жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.