Каспий жағалауынан екі мыңнан аса итбалықтың өлексесі табылған

Сұлу Бөлек

  • 25.05.2025

Ақтаулық белсенді әрі блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан елуге жуық итбалықтың өлексесін тапқан. Ол оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz.

Сәрсенбаевтың айтуынша, 24 мамырда теңіз жағасынан 50-ден аса итбалықтың өлексесі табылған. Оның сөзінше, өлеселерді жағалауға дауылды жел айдап шығарған.

"Каспий теңізінің экологиялық мәселелері туралы репортаж түсіру үшін түсірілім тобымен бірге Форт-Шевченкоға бардық. Көргеніміз жантүршігерлік жайт болды: небәрі бір шақырым жағалауда 50-ден өлі итбалықты санадық. Ал екі күн бұрын жергілікті балық инспекторлары бұл аумақты тазалап, 160-тан аса өлі жануардың денесін жойғанын айтты", – деді Сәрсенбаев.

Балық шаруашылығы комитетінің хабарлауынша, 20-21 мамыр аралығында Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы маңындағы Каспий жағалауында 117 шіріп кеткен итбалық денесі анықталған. Алдын ала болжам бойынша, олар былтыр қараша–желтоқсан айларында қырылған.

Ауыл әкімдігі, полиция бөлімі мен Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы қауымдастығының қызметкерлері жағалаудан 5 шақырым қашықта жатқан өлекселерді жинап, санитарлық талаптарға сай жойған. Алайда денелердің қатты шіріп кетуіне байланысты зертханалық сынама алу мүмкін болмаған.

Қазір теңіз жағалауында мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр. Комитеттің мәліметінше, 2023 жылғы қарашадан бері Каспийде қырылған итбалықтардың жалпы саны – 2 194.

Айта кетейік, 5 сәуірде Құлалы аралы маңынан тыйым салынған тор табылған болатын. Сол торлардың ішінде жеті өлі Каспий итбалығы мен төрт шіріген бекіре болған.

Бұған дейін браконьерлердің әрекетінен өңірге келтірілген зиян көлемі 205 миллион теңгеден асқаны хабарланған.
Сәуірдің соңында Түпқараған жағалауынан тағы 88 итбалықтың денесі табылған.

Фото: Видео кадры

Байланысты жаналықтар

Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

25.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

01.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025
MalimBlocks
Мұнайлы ауданында жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел әлі табылған жоқ

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады