457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда балық аулауға барған 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.  

Қайғылы оқиға 3 мамырда сағат 17:25 шамасында Атырауға қарасты Еркінқала ауылында болды. Балық аулау кезінде 17 жастағы жасөспірім моторлы қайықтан құлап, өзенге батып кеткен.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 19 құтқарушы, 5 техника және 6 жүзу құралы жұмылдырылған. Сондай-ақ, 8 полицей, 3 техника және 1 қайық қатысып жатыр. Қазір іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Көз жұмған жасөспірім 2007 жылы туғаны белгілі болды. Ол дзюдомен айналысқан, жарыстарға қатысқан.

Фото: Pixabay.com