457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҰБТ-дан екінші оқушы 140 балл жинады

Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернатының 11 "е" сынып оқушысы Рашит Жанайым Жанибекқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары көрсеткіштердің бірі – 140 балл жинап, зор жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Білім басқармасының хабарлауынша, Жанайым ҰБТ-да таңдау пәндері ретінде "Дүниежүзі тарихы" мен "Ағылшын тілін" таңдаған. Бұл таңдау – оның "Халықаралық қатынастар" мамандығына деген қызығушылығы мен болашақ кәсіби бағытының айқын көрсеткіші. 

Бұл тамаша нәтиже – табандылық пен үздіксіз ізденістің, терең білім мен жүйелі еңбектің жемісі. Жанайым – білімге құштар, жауапкершілігі жоғары, жан-жақты дамыған оқушы. Оның бұл жеңісі – тек жеке табыс емес, сонымен қатар ұстаздарының кәсіби біліктілігінің, мектеп ұжымының қажырлы еңбегінің және ата-анасының қолдауының көрінісі деп білеміз, - делінген басқарма хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін түркістандық түлек Жәнібек Асқарұлы Абилхан ҰБТ-да 140 балл жинаған болатын.

Фото: Астана қаласының Білім басқармасы