Сарбаздар ҰБТ тапсырмай грант иеленіп жатыр

Мерзімді әскери қызметін өтеген 2000-нан астам қазақстандық сарбаз жоғары оқу орындарында білім алуға мемлекеттік грант иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл — Қорғаныс министрлігінің бастамасымен алғаш рет жүзеге асқан жоба. Сертификаттар иелеріне ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға түсуге мүмкіндік береді.
Гранттарды бөлу кезінде еліміздің әр өңірінен 17,5 мыңнан астам әскери қызметші қатысып, іріктеуден өтті. Ұпайлар әскери, дене дайындығы мен құқықтық білім деңгейіне және тестілеу нәтижелеріне қарай есептелді.
Алғашқы сертификаттарды тапсыру рәсімі Астанада өтті. Солардың бірі — Әуе қорғанысы күштерінде қызмет еткен Владислав Внуковский. Ол әскери ұшқыш болуды мақсат етіп, Талғат Бигелдинов атындағы училищеге оқуға түсіп жатыр. Внуковскийдің айтуынша, болашақ мамандығын таңдауға әскердегі қызметі ықпал еткен.
Фото: Қорғаныс министрлігі

Ең көп оқылған
