Лондон сарайлары: Ни, Ким, Сұлтанғалиев пен Боранбаевтың байлығы

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 29.04.2021

Жақында «Выход к морю» телеграм каналы Лондандағы қазақ байланырың дүние-мүлкін тағы бір мәрте түгендеп, журналистік зерттеуін жариялады. Онда қазақ байларының Ұлыбритания астанасында бір-біріне көрші екендігі жөнінде айтылған.

БІР ҮЙДЕГІ БІРНЕШЕ БАЙ

Лондонның қақ ортасында Гайд парк пен Букенгем сарайының жанында Найтсбридж айданында орналасқан «The Knightsbridge Apartments»  тұрғын үй резиденциясы қазақ байларының Ұлыбританиядағы ең сүйікті жері десек артық айтпаймыз. Себебі дәл осы үйден алты алашқа аты мәшһүр миллионер, миллиардерлер қос-қостан пәтер сатып алған.

«The Knightsbridge Apartments» резиденциясының 8 қабатындағы құны 5,2 миллион фунт стерлинг болатын пәтер «Adal» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалиевтің әйелі Замира Иманбаева, қызы Айгерім Сұлтанғалиева мен күйеубаласы Абай Жаңабаев басқаратын «Almerek Limited» компаниясына тиесілі. Сұлтанғалиевтер пәтерді 2015 жылы сатып алған. Қазір пәтердің нарықтағы құны шамамен 6 млн фунт стерлинг болады.

Жетінші қабаттағы үш пәтер экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған Владимир Нидің қызы Виктория Ниге тиесілі. Бұдан бөлек Нидің тағы бірі қызы Рита Нидің үшінші қабатта пәтері бар. Бұл үйлердің жалпы құны 31 миллион фунт стерлингтен асып жығылады.

Қос Нидің ортасында, яғни бесінші қабаттағы екі бірдей пәтер миллиардер Владимир Кимнің қызы Камилла Кимге  тиесілі. Ким бұл пәтердерді  2017 жылы қызы 18 жасқа толғанда сыйлаған. Аумағы шамамен алғанда 300 шаршы метр болатын қос пәтерді ол 14 миллион фунт стерлингке сатып алған. Камилла Кимнің Лондонда бұдан бөлек тағы бір үйі бар. Ол «One Hyde Park» резиденциясының В корпусында орналасқан. Оның құны – 27 миллион фунт стерлинг.

БОРАНБАЕВТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

«Adal» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғалиев пен Қайтар Боранбаев бір-бірін «The Knightsbridge Apartments» резицденциясының ішінде жиі көруі мүмкін. Себебі Боранбаевтың пәтері де Сұлтанғалиевтікіндей 8 қабатта орналасқан. Бұдан бөлек, Боранбаевтың дәл осы «The Knightsbridge Apartments»-тің бірінші қабатында екі пәтері бар. Ол бұл үш үйді 2017 жылы бір күнде сатып алған. Бірақ олардың бағасы қанша екені белгісіз. Десе де, Ни мен Сұлтанғалиев отбасыларына тиесілі пәтерлермен салыстырғанда Боранбаевтың үйлерінің бағасы 15 пен 55 миллион фунт стерлинг арасында болуы мүмкін деп болжауға болады.

Қайрат Боранбаев жылжымайтын мүліктерді сатып алу кезінде өзінің негізгі мекен-жайы ретінде Алматыдағы Достық көшесінде орналасқан үйінен бөлек, Лондоннан 30 шақырым жердегі Верджиния-Уотер елдімекеніндегі сарайын (особняк) көрсеткен.

 

Байланысты жаналықтар

Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

29.03.2024

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

29.03.2024

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

28.03.2024

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

28.03.2024

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

28.03.2024

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

28.03.2024
MalimBlocks
Ресейдегі теракт: Тергеу комитеті "террористердің Украинамен байланысы барына айғақ табылғанын" айтты

Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" ғимаратында теракт жасағандардың "Украиналық ұлтшылдармен байланысы барына айғақ табылды" деген мәлімдеме жасады. Олар мұндай ақпаратты лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдіктіні ұстағаннан кейін таратқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарына Украинаның Одесса және Харьков облыстарынан кетуді ұсынды

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облыстарындағы жағдайдың өзгеруіне және ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған аймақтардан кетуін ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Си Цзиньпин шілдеде Қазақстанға келеді

Бұл туралы Тоқаевтың Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оралов Президент әкімшілігіне оралды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәскеудегі теракті салдарынан қаза тапқандар саны 143 адамға жетті 

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі «Крокус Сити Холлға» жасалған шабуылда және одан кейін қаза тапқандардың тізімін жаңартты. 27-наурыз түнде таратылған мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны 143 адам болған.

Тоқаев: Қытайдың салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды Malim.kz.