Ұлттық банк: "Теңгенің құбылуына жол бермейміз"

Malim Админ

  • 09.03.2020

Үкімет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындайды. Ал Ұлттық банк "валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенцияларды жүргізетін болады" делінген үкімет пен ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесінде.

Бүгін үкімет пен ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасады. " Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеумен, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда. Осы жағдайға байланысты үкімет пен ұлттық банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты және салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдейді", – делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеге қарағанда, үкімет қымбатшылықты болдырмайды. "Сыртқы нарықтардағы қалыптасқан ахуалға және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажетті шешімдерді жедел қабылдау және оларды жүзеге асыру үшін премьер-министрдің басшылығымен штаб құрылды. Үкіметтің бюджет саясатының шаралары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталатын болады. Басым емес бюджет шығындарын қысқарту шаралары қабылданады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуін, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін болдырмауға ерекше назар аударатын болады. Қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермеуді және еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі".

Ұлттық банк инфляцияны бақылауда ұстап, валюталық нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етпек.

"Өз мандаты аясында ұлттық банктің тиісті ресурстары бар және базалық мөлшерлемені арттыру және адекватты бағамдық саясатты жүргізу арқылы монетарлық саясатты қатаңдату жолымен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті қадамдарды қабылдайтын болады. Аталған шаралар инфляцияның жеделдеуін шектейді, ұлттық валюта бағамының шамадан тыс құбылмалылығына жол бермеуге мүмкіндік береді. Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамымен алып-сатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің жеткілікті көлемі, сондай-ақ реттеуіш құралдарды қоса алғанда, барлық қажетті құралдары бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Үкімет пен ұлттық банк теріс салдарды азайту және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие", – делінген мәлімдемеде.

Байланысты жаналықтар

«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

21.07.2020

Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

12.07.2020

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

16.10.2020

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

15.01.2021

Өскеменде өрттен қаза тапқан бес қызға ас берілді

07.02.2020

Соңғы екі айда шетелге өте-мөте көп ақша аударылған

07.08.2020
MalimBlocks
«Қарапайым заттар экономикасы»: Үкімет қандай жеңілдіктер жасайды?

Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

Үкіметте шаруасы жоқ Бекболат қалай депутат болып жүр?

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

Өскеменде өрттен қаза тапқан бес қызға ас берілді

Соңғы екі айда шетелге өте-мөте көп ақша аударылған