Даулы заң: Тоқаев Конституциялық кеңеске жүгінді

  • 12.05.2021
  • Malim Админ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңеске «Адвокат қызметі туралы» заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың Ата Заң нормаларына сәйкестігін тексеруді сұрады.

Бұған дейін адвокаттар «Адвокат қызметі және заңгерлік көмек» туралы заңға енгізілетін өзгертулер заңгерлерді мемлекетке бағынышты етуді көздейтінін айтып, наразылыққа шығып, Әділет министрі Марат Бекетаевтың отставкаға кетуін талап еткен.

Кейіннен Бекетаев отставкаға кетпейтінін, заң жобасы құқықтық көмек сапасын арттаруға көмектесетінін айтқан.

Заң сәуірде парламент талқылауынан өтіп, президентке қол қоюға жіберілген.

Байланысты жаналықтар

Бас қалада жаңа митингі басталды: Ақорда көре ме?

24.04.2020

Қордай қақтығысы: Айыпталушыларға сот үкімі оқылды

27.04.2021

Лондон сарайлары: Қазақ байы қызына бір жылда үш пәтер сыйлаған

07.03.2021

Қарулы күштердің әскери қызметшілері блок-бекеттерді күшейтуге қатысады

19.03.2020

Перуашев Тоқаевты қолдайды

22.10.2020

АҚШ Қазақстанға әскер кіргізбейді

22.05.2021