Қазақстанда жұмыссыздар көбейіп барады
Қазақстанда былтырғы жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны көбейген. Екі қолға бір күрек таппай жүргендер Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан облысында екен. Бұндай қортындыны finprom.kz сарапшылары жасаған.
Жұмыссыздар саны 2021 жылдың бірінші тоқсанында 451,3 мың адамға жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі пайызға өсті деген сөз.
«Өңірлер арасында 2021 жылы Қарағанды облысында жұмыссыздар саны 29,9 мың адамға өссе, Түркістан облысында 42 мыңнан асқан. Ал Алматы қаласында 53 мыңға жеткен екен», - деп жазады сарапшылар.
Сондай-ақ, ерлерге қарағанда жұмыссыздық әйелдер арасында белең алған. 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық бойынша қала мен ауыл адамдары теңескен.