457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ Иранның ядролық нысанына соққы жасаудан бас тартты

АҚШ әскерилері Иранның Исфахан қаласындағы ядролық нысанға қарсы бункерге қарсы бомбаларды қолданбауды ұйғарды,  деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Себебі бұл нысан жердің тым терең қабатында орналасқандықтан, бомбалардың әсері тиімсіз болар еді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн Сенат мүшелеріне жабық брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады CNN телеарнасы 27 маусым, жұма күні, өз дереккөздеріне сілтеме жасап.

Сол брифингте АҚШ Орталық барлау басқармасының директоры Джон Рэтклифф сенаторларға америкалық барлау деректері бойынша Иранда жиналған байытылған уран қорының басым бөлігі Исфахан мен Фордо нысандарында сақталып отырғанын хабарлады. Бұған дейін CNN-нің Вашингтондағы жоғары лауазымды дереккөздерге сілтеме жасап жазуынша, Исфахандағы нысанда атом бомбасын жасауға әлеуеті бар байытылған уранның 60%-ға жуығы сақталуы мүмкін.
Фото: IDF/GPO/SIPA/picture alliance