Бекшин жаңа болжам жасады

Malim Админ

  • 31.05.2021

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "ертең Алматы "сары аймаққа" өтеді" деп болжайтынын жеткізді. Бұл туралы Бекшин блогер, коммуникациялар жөніндегі маман Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатында айтты. Елікбаев осы үзіндіні Instagram-парақшасындағы сторизге салған.

"Біз "сары аймаққа" қатты жақын тұрмыз. Ертең анық "сары аймаққа" өтеміз деп болжаймын. Бірақ "жасыл аймаққа" өтіп, шектеу шараларын жеңілдету  үшін әлі жеті күн шыдау керек", - дейді Бекшин.

Бекшин сондай-ақ бүгін түнде Қытайдың Sinovac вакцинасының 500 мың дозасы жеткізілетінін айтты. Бекшиннің сөзінше, бұл вакцинаны Қытай Қазақстанға гуманитарлы көмек ретінде беріп жатыр.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері вирустың жаңа штамдары жастарға қатты жұғатынына тоқталды. Айтуынша, былтыр коронавирусты мектеп жасындағы 281 бала жұқтырса, биыл 4 мың бала жұқтырған.

Жаңа штамдарды жұқтыратындар арасында симптомсыз ауыратындар да былтырғы жылмен салыстырғанда азайған.

"Былтыр жұқтырғандардың 50 пайызы симптомсыз ауырса, жаңа штамдарды жұқтырғандардың 10-12 пайызы ғана симптомсыз ауырады. Жұқтырғандар қатты ауырады. Ауруханаға түскен 10 адамның жетеуі реанимацияға жатқызылады", - дейді Бекшин.

Оқи отырыңыздар: Бекшин айтқан болжам орындалды

Байланысты жаналықтар

Алматыда карантин шаралары жеңілдетілді

03.04.2021

Бекшин Алматыда қандай жағдайда қатаң локдаун енгізілетінін айтты

20.03.2021

Коронавирус күшейіп келеді

15.11.2020

Жол, мектеп, емхананы да өздері салатын ауыл

29.10.2020

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

11.06.2020

Бас санитар: Той өткізуге рұқсат жоқ

02.06.2020
MalimBlocks
Алматыда карантин шаралары жеңілдетілді

Бекшин Алматыда қандай жағдайда қатаң локдаун енгізілетінін айтты

Коронавирус күшейіп келеді

Жол, мектеп, емхананы да өздері салатын ауыл

Мәдениет және спорт министрлігінің департамент бастығы ұсталды

Бас санитар: Той өткізуге рұқсат жоқ