129 күндік наразылық: Белсенділер халықаралық ұйымдардан араша сұрайды

Malim Админ

  • 16.06.2021

Алматылық белсенділер Қытайда қамауда отырған туыстарына араша сұрайды.

Бүгін Алматыдағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросында баспасөз мәслихатын өткізген белсенділер 129 күннен бері Қытай консулдығы алдында наразылық акциясын өткізіп жатқандығын, бірақ әлі күнге дейін қарсы тараптан ешқандай жауап жоқ екенін айтты. Белсенді Байболат Күнболаттың сөзінше, Медеу аудандық полициясы қарсылық акциясына қатысқан азаматтарға қысым жасап, әкімшілік жазаға тартқан.

«Осында жиналып отырған адамдардың барлығы 129 күннен бері Алматыдағы Қытай консулдығы алдында қамаудағы туыстарын босатуды, дереу арада Қазақстанға қайтаруды талап етіп жүрген кісілер. Бұл кісілерді 2021 жылдың наурыз айының 15-інен бері Медеу ауданының полициясы консулдық алдына жібермей, кедергі келтіріп келеді. Бірнеше рет консулдық алдынан күш көрсетіп, қуып жіберді. Бұл кісілерді мамырдың 15-інен бастап бірнеше рет полиция ұстап, бес-алты сағат тергеуге алып, сот ашты. Бүгінге дейін 10 адамға 1 миллион 30 мың теңгедей айыппұл салынды. Туыстары Қытайдың геноцидіне ұшырап жатқан адамдарға «сіздер заңсыз пикет өткіздіңіздер» деп бір жақты қарау, негізсіз деп ойлаймын... Қазақстан сыртқы істер министрлігінен, адам құқықтарын қорғайтын барлық халықаралық ұйымдардан көмек сұраймыз», - деді Күнболат.

Жиынға қатысқан белсенділердің бірі Гүлфия Қазыбекқызы анасы Анахан Қазыбекқызының намаз оқығаны үшін 5 жылға сотталғанын айтады. Ол ешқандай қылмыс жасамаған 70 жастағы адамды соттау әділетсіз деп есептейді.

«Менің анам Анахан Қазыбекқызы 8 баланың анасы болатын. Ол кісіні үйде отырған жерінен алып кеткен. Бастапқыда анамды сөйлесеміз деп алып кеткен. Сегіз айдан кейін анамның 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны жөнінде хабар келді. Оған намаз оқып, қоғам тыныштығын бұзды деген айып тағылған. Қазір әйелдер түрмесінде отыр. Жасы 70-ке келген адамды бес жылға соттау үлкен іс. Менің анам адам өлтіріп, тонап немесе бір қытайдың барып жағасынан алған жоқ», - дейді Қазыбекқызы.

Қытайда қысым көріп жатқан қазақ (аз ұлттар) мәселесі  2017 жылы басталған. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, осы уақытқа дейін 1 миллионға жуық адам саяси үйрену лагерьлеріне жабылған.

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

17.04.2024

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

17.04.2024

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

16.04.2024

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

16.04.2024

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

16.04.2024

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

15.04.2024
MalimBlocks
Мәжіліс «Масс-медиа туралы» заңды қабылдады

Құжатты таныстырған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан заң жобасын әзірлеп, пысықтауға белсенді қатысқан қоғам мүшелеріне алғыс білдірді.

Депутат жертвам паводка: Назарбаевский клан никуда не делся

Депутат мажилиса Максат Толыкбай обвинил крупные нефтяные компании в нежелании делиться имеющейся у них техникой для помощи во время паводков.

Президент ақбөкендерді атуға тыйым салынатынын мәлімдеді

Бұл туралы Тоқаев Қостанай ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Тоқаев Үкіметке ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығын қысқарады.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Өңір әкімінің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

Тоқаев пен Пашинян кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға сапармен келуге шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Никол Пашинянға алғыс айтты.