Сәлімовтің «реформасы» "Semey Bus" ЖШС-ін жауып тынбақ

Malim Админ

  • 23.06.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ғана «тарихи қала» мәртебесін берген Семей қаласы бүгінде бизнесмендер «белдесетін», ақша алпауыттары айқасатын «аренаға» айналып отыр. Соңғы күндері жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасындағы түсініспеушілік шарықтау шегіне жеткендігінің салдарынан қарапайым халық зардап шегіп отырғаны тағы бар. Бірақ, негізгі жағдай облыс әкімі Даниал Ахметовтің құрылыс, жол қатынасы сияқты әлеуметтік мәселелерге қатысты тендер қаражатын бөлудегі әділетсіздігінен шығып отырғаны шындық. Соның салдарынан Семейдің беткеұстар бизнесмендері бір жақ, облыс әкімімен «жақсы» боп жүргені бір жақ болып жүргені өз алдына қалалық әкімдік қауқарсыз күйге түсіп, халық көшеде жаяу қалып отыр. Анығында бұл – Семей қаласының әкімі қызметін бес жыл атқарған, қазіргі күнде Д. Ахметовтің кеңесшісі болып отырған Ермак Сәлімовтің кезінен қалған былық болатын. Есесіне, семейлік бизнесмендер мен қала халқы зардап шегіп отыр.

Қаладағы жалпы ахуалдың күрделеніп кеткенін күнделікті қоғамдық көліктер қызметінің тоқтап қалғанынан көруге болады. Кешегі тәулікпен қосқанда бүгін де екінші күн «Semey Bus» ЖШС автопаркіне қарасты «жасыл автобустар» қатынауын тоқтатып, жұрт не жұмысқа барарын, не үйінде қаларын білмей аялдамада тұрып қалды. Қазір сырттай әжуа ретінде айтылғанымен, жеке көлігі жоқ семейліктер керекті жеріне такси жалдап барады. Ал, бұған дейін Сәлімов керемет жетістік, қаланы дамыту жолындағы іргелі реформа ретінде сан рет мақтанған «Semey Bus» ЖШС автопаркі жабылу алдында. Себебі, жұмысшылары да, жүргізушілері де әлеуметтік жағдайына разы емес. Сондықтан да жұмысқа шығудан бас тартып екі айдың бірінде ереуілге шығудан өзге амалдары жоқ. Жүргізушілердің бір емес, жыл басталғалы он рет тасымал желісіне шықпағанының өзі жағдайдың қандай сипат алғанын көрсетері анық.

Нақты деректер бойынша айтар болсақ, қазір «Semey Bus» басшылығының зейнетақы және басқа да аударымдар бойынша борышы жарты миллиардтан астам теңгені құрайды. Нәтижесінде, адамдар МӘМС аясында қызмет ала алмайды. Ай сайынғы  зейнетақы аударымдары болмағандықтан, тіпті несиеге де өтініш бере алмайды. Оның басты себебі уақытылы жалақының төленбеуі мен  зейнетақы жарналарының аударылмауынан шығып отыр.

Жұртшылықты наразы еткен жағдайға алаңдаған кейіпте Семейге жеткен ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов қала шенеуніктерімен бірге автопарк басына жеткенімен шыққан нәтиже шамалы болды.

«Әрқайсыңыздың қолыңызда еңбек шарты бар. Осы шарттарға сәйкес, сіз сотқа жүгінуге және тиісті шегерімдерді талап етуге құқығыңыз бар. Ешқандай кедергі жоқ, өркениетті жұмыс әдістері бар. Алдайда, автобустардың желісін тоқтату дұрыс шешім емес. Қала тұрғындарының кінәсі неде? Бұл қылық үшін неліктен халық зардап шегуі тиіс?»,- деп семейліктерге жанашыр сыңай танытқанымен, ызалы парк жұмысшалырына мардымды жауап бере алмады. Өйткені, негізгі тиісті төлемақыны уақытында аудару облыстық әкімдіктің мойнында болған. Мұны ашына сөйлеген жүргізушілер мен кондукторлардың сөзінен байқауға болады.

Шын мәнінде, автопарктер үшін жеңілдетілген санаттағы жолаушыларды тасымалдауға 70 миллион теңге көлемінде субсидия қарастырылған. Бұл субсидиялар мәслихат шешімімен келісілген. Бірақ "Semey Bus" ЖШС-нің басқа ұйымдар алдында да қарызы бар көрінеді. Дәл осыған байланысты кәсіпорынның шоттары бұғатталған екен. «Субсидиялар аударылғаннан кейін, олар автоматты түрде ұжымның жалақысына емес, қарызды өтеуге жұмсалады» деп сендірді жергілікті атқарушы билік.

Дегенмен, бұл 2019 жылы Семей қаласының бұрынғы әкімі Ермак Сәлімовтің кезінен  басталған «автобус реформасының» нәтижесі екендігін де айта кеткен жөн. Қазір қала көшелерінде «Семавтопарк» ЖШС-нің «ескі автобустары» саналатын қоғамдық көліктер желіде жүр. Ал, валидаторы бар заманауи «"Semey Bus" ЖШС-нің жасыл автобустары қаңтарылып тұр. Автобустар «жыры» алдағы уақытта әлі де жалғасатын сыңайлы. Ал, Семей қаласының қазіргі әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұған дейін де көздеген мақсатты айтып, ақталғанымен, қауқарсыз күйде отыр.  

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

10.07.2020

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

15.03.2021

Демалыста карантин күшейтіледі

21.08.2020

Ағылшындар коронавируспен қалай алысып жатыр?

27.03.2020

Алтын маскалы адам пневмониядан қайтыс болды

29.09.2020

Айнаға қарау қиындап кетті - сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың хикаясы

07.12.2021
MalimBlocks
Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

Демалыста карантин күшейтіледі

Ағылшындар коронавируспен қалай алысып жатыр?

Алтын маскалы адам пневмониядан қайтыс болды

Айнаға қарау қиындап кетті - сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың хикаясы