Цой антиваксерлердің әріптестеріне қол көтеру оқиғасына пікір білдірді

Malim Админ

  • 20.07.2021

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында вакцинаға қарсылардың әріптестерін ұрып-соғу әрекетіне қатысты пікір білдірді.

Кеше вакцинаға қарсы бір топ әйел астанада наразылық шарасын өткізіп, соңыра денсаулық сақтау министрлігіне барып, вакцинацияға қарсы екенін білдірген. Наразылардың алдына шыққан денаулық сақтау министрінің орынбасарлары Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният пен бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев оларды ішке кіріп, сөйлесуге шақырған. Алайда әйелдер оларға құрақ аспай, 12 жастан асқан балаларға вакцина салмауды талап етіп, шу шығарған. Шенеуніктер наразылармен сөйлесіп, диалог орнатуға тырысқанымен, олардың әрекетінен түк шықпады.

 Әлеуметтік желіде таралған видеода ресми өкіл Ержан Байтанаевтың наразыларға Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынбайтынын айтып түсіндірмек болғаны, бірақ әйелдердің оны бас салып,  ұрып-соғып, балағат сөздер айтқаны байқалады (Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 16 шілде күні министрлік 12 жастан балаларға ата-анасы немесе ресми қамқоршылардың рұқсатымен Pfizer вакцинасын салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, алдын ала келісім бойынша, бұл вакцина 2021 жылдың 4-тоқсанында келуі керектігін мәлімдеген).

 Тағы бір видеода әйелдердің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жандос Бүркітбаевқа қол көтергені байқалады.

Кеше кешке "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында министр Алексей Цой бұл оқиғаға пікір білдірді.

"Біз халыққа түсіндіру жұмыстарын өткізіп жүрміз. Кейде ол дұрыс форматта өтеді, бірақ көп ретте эмоция мен агрессияға салынған адамдар келеді. Бұл жұмыстың психологиялық тәуекелдері бар. Іште жұмыс істеп жатқан әріптестеріміз зардап шекті. Біз күш көрсету құралдарын қолдана алмаймыз. Алдына ашық шығып, сөйлесейік дедік. Кей азаматтар бізге құақ асса, енді бірі өз пікірінен айнымады. Меніңше, олар әу бастан ызалы болды. Әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық мәселелері бар сияқты. Азаматтарды түсініп, олармен сөйлесуге тырысамыз, бірақ кейде реакция шектен шығып кетеді", - дейді Алексей Цой.

Бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында бұл оқиғаны "арсыздық және агрессия" деп сипаттап, шабуыл кезінде министрліктің қоғамдық қабылдау бөліміндегі мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкердің зарап шеккенін жазған. Байтанаевтың айтуынша, әйелдер мүмкіндігі шектеулі әйел қызметкерге күш қолданып, қорлаған.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды