Іште пікір өлгенше...

Malim Админ

  • 21.07.2021

О, сұмдық! Сұмдық емей немене? Жақында тоғыз ай, он күн көтерген қызының анасына қарсы «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып» жатқанын керең болғыр құлағым естіп, көзім көріп, өзімнен өзім пұшайман хал кешіп, «Неге олай?» деген ой құшағынан «сенің табаныңа кірген шөңке, менің маңдайыма кірсін» деп, Тәңірден тілеген анаға қарсы сөз айту айуандық емес пе? Айуан да анасын өңменімен итермейді. Адамға аға-іні, апа-сіңлі, ағайын-туысы, тіпті әке де табылуы мүмкін. Ал ана табылмайды. Құдай жалғыз! Ана жалғыз! Сондай асылды қорлау адамдық бола қоймас. Ал ондай жанның әкені сыйлауын ойлаудың өзі қорқынышты. «Сонда бүгінгі жастарға не болып бара жатыр? Ел болған соң бірлі жарымы болар» деп, қоя салуға бола ма? Жоқ!!! Болмайды. «Бір қарын майды бір құмалақ шірітетінін, «сынықтан басқаның бәрі жұғатынын» қайран Бабам ертерек ескерткен екен ғой. Бүгінде тәрбие мәселесі аз айтылмайтын тәрізді, бірақ шығып жатқан қорытынды жоққа тән. Бүгінгінің ғұлама жазушысы, жерлесіміз Әбіш Кекілбаев жастау кезінде ақын – жазушылардың жазғанына пікір жазатын. Жаман оймен емес, жақсы оймен, әлі де жақсара түскенін қалғандықтан. Кейін соны доғарды. Бірде жеделдес бір інісі осының жағдайын сұрағанда: «Тыңдар құлақ болса, біршама айтылды, енді соның нәтижесін көрейін дегендіктен сынауды доғардым» деген екен. Сол сияқты тәрбие мәселесінде көп айтылғанын ескеріп, үнсіз қалуды ойлағанмен, адамгершілік арым қолыма қалам алғызды. Бүгінгі таңдағы ұрпақ бойындағы келеңсіздіктерді «көре тұра айтпасаң көргенсіз дер, біле тұра айтпасаң жетесіз дер»-деген ата сөзін малданып, ұрпақ тәрбиесі, салт дәстүр, имандылық жайында ой толғауды жөн санадым. «Тентек – өзіне тентек, жұртқа мақұл» дегендей бүгінгі жастардың ісі өзіне дұрыс көрінуі мүмкін. Сондықтан «тобынан ажырағанның торға түсетінін» олардың зердесіне құю үлкендердің, біздердің міндетіміз екенін білгеніміз жөн. Ал жастарымыз өздерінің көрнекі ісінің күлкі болатынын білгені дұрыс.

«Бәледен машайық қашыпты». Көрініп тұрған кемшілікті көзге айтуға жоқпыз, егер айта қалсақ түсінбейтінін пенде болмас. Олай дейтінім мен алпысты алқымдаған жақсы таныс әйелдің шалбар киіп жүрген себебін сұрағанда жылылыққа киіп жүргенін айтқан-ды. Мен жалпы әйел адамға шалбар киюдің жарамсыздығын, артымыздан алдымыз жақын біздерге бақилық болғанда жұмақтың есігі үш адамға жабық болатынын, оның бірі еркек тектес болғысы келетін әйел екенін айтқанмын. Әлгі әйел үнсіз тыңдап, жай қоштасып кеткен еді. Келесі бір кездесуде әлгі әйелдің шалбардың тастағанын көріп риза болғаным бар еді.

Бүгінде амандасу ал алуан түрлі болып барады. Қарсы кездескен жастардың кейбіреуі бетіңе бақырайып қарайды да өте береді. «Киім киісімде», әлде дене мүшелерімде келеңсіздік бар ма?» деп өзіңен өзің қысылып, ол өткен соң тұла бойыңды бір тінтіп шығасың. Біздің бала кезімізде ата-анамыз: «Кездескен үлкен адамға танысаң да танымасаңда сәлем бер, алдынан кесе көлденең өтпе» дегенді үнемі айтып, санаға құйып отыратын. Бүгінгі ата-анада ондай тәрбиенің болмағаны өкінішті. Екіншілері шыбындаған жылқыдай ернін жыбырлатып, басын изеп өте шығады.  Келесі бір естілуі: «Салем бердік» дейді. Сен болсаң: «Малға жем бердік» дегеннен хабар алғандай күйге түсесің. Кейде үлкендіктен «сәлемін» естімей қалып, не бергенінде білмей әуре сарсаңға түсетіні бар. Оның ең дұрысы: «Сізге Алланың нұры жаусын»,- дегенді білдіретінін «Ассалаумағалейкум»-ғой.

Сараңдық деген пәлекет не ауылдастан, не бауырластан жұғатынын көрінеді. Жаман әдет те солай! Көрші ауылдан келген қыздар мен келіншектер басында «Ассалаумағалейкумді» айтып, соңынан «сәлем бердікке» көшіп жүр. Жаман әдеттің тез жұғатыны белгілі ғой.

Жастарымыздың киім киісі де көңілге қонбайды. Қыздарымыздың, тіпті қырықтың қырқасына шыққан әйелдер де, қара санын келтіріп, омырауының ойығы кіндікке жетіп, қос анардың жартысына жақыны менмұндалап тұратын, бұлшық еттері бұлтиып, он екі мүшесін санап алуға болатын көйлек киіп жүруді сәнге айналдырған. Басқасы басқа олардың амандасқанына тіке қарап тұрып, амандасудың өзі қиындау. Ұлдарымыз болса, шалбардың қойып, ала дамбалмен жүр. Құлақта телефон тетігі, қолында жартысы ішілген сусыны бар баклажка. Үйден шығарда  өзі болмаса, ата-анасы, не аға-апасы бозбала мен бойжеткеннің киіміне назар аударып, дұрыс жолға түсіру керек емес пе? Олардан өсіп өнген ұрпаққа олардың қандай тәрбие беретінін бір Алланың өзі білсін. Осындайда ойға түседі. Бүгінде молда, имамдардың көбі жастар. Бірде жиырма бестер шамасындағы имаммен пікірлесе отырып, мынадай әңгіменің куәсі болдым. «Аға»,- деді әлгі имам. –Осы менің қатарластарымның теріс пікірінен қатты ұялғаным бар. Бірде екі жастың некесін қию керек болды. Әлгілер той киімімен келіпті. Басқасына айтпағанда көйлектің омырау ойығы өте төмен, екі анарының жартысы көрініп тұр. Мен дұрыстап киініп келуді ескерткенімен әлгілер болмаған соң неке қиюға мәжбүр болдым. Неке дұғасы екі жастың жүзіне қарап оқытылуы керек. Ал оларға қарап оқу мүмкін болмағандықтан төмен қарап оқи бастадым. Дұғаның әсерінен болар еркінен тыс екі жасқа қарап едім, әлгі ойық омырауға көзім түсіп, дұғадан жаңылдым. Сөйтіп олар өзімен бірге мені де күнәһар еткені бар», - деп үнсіз біршама отырғаны бар.

Тағы бір айтар мәсле шаш туралы. Шаш – қыз баланың сәні. Оны сақтау, қадір тұту – абзал. Бүгінде нәзік жандылар шашын жайып, (жаюға келетін болса) жіберетін болыпты. Шаштары жалпылдап, сәнін бұзумен бірге, қазақ ырымдарына жақсылықты меңземейді.  Біздің бала кезімізде сүйген жары, баласы бақилық болған әйел шашын жайып, жоқтау айтатын. Қазаның жылдығы  өткенде үлкендері екі, жастауы бір бұрым етіп өретін де, ұшына шашбау тағып арқасына тастай салатын. Еш уақытта басынан орамал тастамайтын,-деп үнсіз біршама отырғаны бар.

Жалпы бүгінгі жастарымыздың бәрінің іс қимылына, әрекетіне топырақ шашуға болмағанымен, көңілге қонбайтын, имандылықтан аулақ қасиеті барлар көбейіп бара жатырғандай көрінеді. «Заманы солай» деп жауырды жаба тоқушы да табылар. Өзгерген заман емес, адам екенін естен шығармағанымыз абзал. Ар мен ұят сол күйінде қалды. Ол- мәңгілік. Адам басқа елдің салт-санасын емес, өз халқының жақсысын асырып, жария ету керек. Менің тұстарым да бозбала мен бойжеткен болды. Рас бүгінгідей молшылық болмады. Біріміздің киімімізді біріміз киіп, тобымыздан ажырамай алдымыздағы аға-апаларға қарап өстік. Қыздарымыз жақсы қасиеттің ұшқыны болса сол топтан ажырамағанның ата-бабадан қалған салт дәстүрді бойға жинағандықтың әсері болатын. Одан кемдік көрмегендейміз. Оқыдық, бахадар халімізше жұмыс жасадық.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ата-баба салған жолдан ажырамай ұлтымыздың салт дәстүрін байыта түсейік, ағайын!

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Жауғашты Наренбайұлы

Ардагер-ұстаз

Байланысты жаналықтар

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты

23.03.2024
MalimBlocks
Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.

Сегіз қазақстандық боксшы Литвадағы турнирдің финалына шықты