Аграршылар заманауи техникаларды көп сатып алып жатыр

  • 23.07.2021

Өткен жылы қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысатын аграршылар 15 мың техника сатып алыпты. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысында John Deer маркасының Ауыл шаруашылығы техникасының толық желісіне қызмет көрсететін ТМД-дағы жалғыз сервистік орталықтың ашылу салтанатында айтты.

Қалай дегенде де, қазіргі ауыл шаруашылығын техникасыз елестету мүмкін емес. Әрине, жай техника емес, заманауи техника туралы айтып отырмыз. Ал, агроөнеркәсіптік кешеннің алдында еңбек өнімділігін арттыру, экспорт көлемін ұлғайту, шикізатты өңдеу, яғни, өнімді сол күйінде емес, одан белгілі бір тауар өнімдерін жасап барып, нарыққа шығару сияқты басты мақсаттар тұр. Бұл туралы президент те жиі айтып жүр. Осы тапсырманы тілге тиек еткен бірінші виуце-министр заманауи ауыл шаруашылығы техникасы мен цифрлық технологияларды пайдалану шығындарды азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін айтады.

Пандемия жағдайында  әлем бойынша көптеген көрсеткіштер кішірейіп, көптеген салаларда дағдарыс басталғанына қарамастан, қазақстандық шаруалардың 15 мың техника сатып алуы нені білдіреді? Бұл жерде аздаған талдау жүргізсек, басты мәселенің ең алдымен жалпы халықтың нарыққа бейімделуінде жатқанын айта кету керек. Пандемия келген кезде көптеген елдерде азық-түлік тапшылығы байқалды. Тіпті, біраз елдерге Қазақстанның өзі гуманитарлық көмек жіберді. Бұл деген сөз, әлемде азық-түлікке сұраныс артты дегенді білдіреді. Демек, сұраныс көбейген жерде баға өсетіні заңдылық. Баға өскен тауарды өндіру, өңдеуді меңгеру және дер кезінде нарықты тап басып тани білу – бизнестің басты шарты болса керек. Демек, тауардың бағасы бірнеше есеге өскенін көрген жұрт, жаппай шаруашылығын дамытуға, заманауиландыруға күш салып жатыр деген сөз. Бұл ғана емес, бұл жерде ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттің де көрсетіп жатқан қолдауын айта кету керек. Соңғы жылдары тек тұқым, жер сатып алу үшін ғана емес, техника сатып алу үшін де субсидия қарастырғанын білеміз. Осындай жағдайлардан кейін техника сатып алу көрсеткіші бір жыл бұрынғыдан 28 пайызға артқан. Ал, Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда, биылғы көрсеткіш былтырғыдан да жоғары болады.

«2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 15 мыңнан астам техника сатып алған, бұл 2019 жылғы деңгейден 28% - ға артық. Ал биылғы жылдың 5 айында «ҚазАгроҚаржы» бойынша аграршылар 83,2 млрд теңгеге 4 500 бірлік техника сатып алды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Бастапқы жарна ретінде пайдаланылатын инвестициялық субсидия түріндегі мемлекеттік қолдаудың және салалық мемлекеттік қаржы ұйымдарын несиелендірудің жеңілдетілген бағдарламаларының арқасында сатып алу қабілеті артып келеді», - дейді министрлік өкілі.

Қазір бұрынғыдай сарылып, уақыт күтіп отыратын кез емес, қазір бәрі жылдам әрі сапалы іске асқанын қалайды. Мәселен, бұрын қозының қойға айналуын үш жыл күтсе, қазір, қойдың салмағын қозының өзі 5-6 айда бере алады. Қозының еті бір жағы дәмді, бір жағы сапалы екенін ескерсек, бұл еттің бағасы да жоғары болады. Сол сияқты, жерді тиімді пайдаланып, жазғы егін ғана емес, қыс бойы да пайдаланып, оларды бір бірімен алмастырып отыру, оны күтіп-баптау үшін жаңа технология мен техникаларды пайдалану өнім көлемін ғана емес, сапасын да арттыра түсетін нәрсе. Осы жағынан алғанда ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді жүргізу үшін қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізіп, бұл өз кезегінде нақты егіншілік жүйелерді қолдана отырып, өнімділігі жоғары жаңа ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану керек.

 «Фермерлеріміз үшін, әсіресе егін егу және егін жинау жұмыстары кезінде қарапайым техниканың қаншалықты маңызды екенін бәріміз білеміз. Сондықтан мұнда қосалқы бөлшектерді уақтылы жеткізу және жылдам сервистік қызмет көрсету маңызды. Бүгін біз Орталық Азиядағы ең ірі "Джон Дир" сервистік орталығын ашып отырмыз, ол дегеніміз қарапайым техниканың ұзақ уақыт тоқтап қалмауына мүмкіндік береді. Қазақстан үлкен аграрлық ел ретінде өзінің ауыл шаруашылығы техникаларын жасауды дамытуда. Джон дир сияқты әлемге әйгілі компания Қазақстанның машина жасау саласының драйвері болар еді. Бұл үшін мемлекеттік қолдау бойынша да, жинақталған өткізу бойынша да барлық жағдай жасалған», - дейді Айдарбек Сапаров.  

Техниканы сатып алу үшін, әлбетте, оның тілін білу керек. Осы жағын да ескере отырып, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы мамандарының қызмет көрсету ауқымын кеңейте түсуге тура келеді. Өйткені, жаңа техника неғұрлым көп келген сайын, оған талап ететін қызмет түрлері де арта түседі. Құрал-сайманмен қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстарының өзі өзінше бір бизнес екенін ескерсек, бұл басқа саладағы адамдарды да жұмыспен қамту бойынша кәдімгідей көмек болатыны анық.

Байланысты жаналықтар

Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

28.03.2024

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

12.03.2024

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

12.03.2024

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

07.03.2024

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

07.03.2024

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді

07.03.2024
MalimBlocks
Казахстанцам разрешат находиться в Узбекистане без регистрации подольше

Казахстан и Узбекистан увеличивают сроки пребывания своих граждан на территории своих государств без регистрации с 5 до 30 дней. При этом временная регистрация не понадобится. Соответствующее соглашение с Узбекистаном ратифицировали депутаты сената в четверг, 28 марта.

Қазақстанда жылқы еті қымбаттады

Қазы бағасы 4,8%, жая 2,5%-ға өскен.

Қазалы кәмпиті экспортқа шығарылады

Неліктен 255 мың теңге мобильді аударым тексерілетіні белгілі болды

Бұ ең төменгі жалақы мөлшерімен (85 мың) есептелген.

3 ай қатарынан 100 аударым сомасы 255 мыңнан асса, кәсіпкерден жауап алынады – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтардың салық берешегі кешірілуі мүмкін бе - Қаржы министрлігі жауап берді