Құтқарушылар үш оқиғаның алдын алды

Malim Админ

  • 14.07.2021

Биылғы жыл тауда қыдырушылар үшін оңай болып тұрған жоқ. Жыл басында Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен топ, одан кейін Шарын шатқалында қалың бұршақтың астында қалып, сел жүргенде, суға кетіп, қаза болғандардың өзін айтсақ, тауға шыққанда өте абай болу керек екенін, егер жағдай қиындап бара жатса, құтқарушыларды шақыру керек екенін түсінуге болады.

Шілденің 11-і мен 13-і күндері жедел-құтқару жасағы бір емес, екі қауіпті жағдайдың алдын алды. Оның біріншісі Алматының үстіндегі Іле-Алатауында болған қауіпті жағдай. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле Алатау тауына барған туристерге көмекке дер кезінде келіп, құтқарып қала алды.

11 шілде күні Алматы қаласы ТЖД-нің жедел кезекшісінен Республикалық жедел-құтқару жасағына тас селінің жүруі салддарынан үш туристің Титова өзенінен кері кайтар жолындағы  жолының жабылғаны жайлы  ақпарат келіп түскен. Құтқарушылар жасағы оқиға орнына тез арада жетеді. Ең жақсысы, таудағы туристремен хабарласу мүмкін болған, соның арқасында, альпілік шалғындар аймағанда қалған олардың тұрған орнын табу қиынға соқпаған.

Дәл құтқарушылар келе жатқанда тауда бұршақ аралас жаңбыр жауған. Өздері таудан тайғанап түсе алмай келе жатан туристерге бұл жығылғанға жұдырық дегендей шаруа ғой. Тас көшкінінен қорқып құтқарушылар шақыртқан демалушылар енді бұршақ селінен зардап шегуі мүмкін. РЖҚЖ жылдамдатып, Горельник шатқалына жетіп, ары қарай жас туристерге жетеді. Екі ер, екі әйел адамнан тұратын жастар төмен түсіп келе жатыр екен. Бәрі шаршаған, бірақ, ешқайсысы жарақат алмаған, медициналық көмекке мұқтаж болатындай әлсіремеген, денсаулығына зақым келмеген.

«Айқын болғандай Титова өзенінен түсіп келе жатқанда екі ұл баладан және екі қызбаладан тұратын топ сусымалы жерлермен жүрген, қыздардың біреуі алдыға шығып кеткен. Тас селі жүріп өткенде, турист қыз артта қалып қойған өзінің жолдастарына алаңдап, құтқарушыларды шақыртқан. Бірақ қуанышқа орай оларда бәрі жақсы болды, қайтадан бірігіп олар ары қарай жолға шықты. РЖҚЖ құтқарушылары туристерді жедел автокқөлікке дейін шығарып салып, қаланың қауіпсіз жеріне дейін жеткізіп тастады», деп хабарлады Төменше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Тура осыған ұқсас жағдай Ақмола облысындағы тауда болған. Тауға арнайы жорыққа шыққан үлкен топ қайғылы жағдайға тап бола жаздады.

11 адамнан тұратын топ тауға шығып, олардың ішінде 2000 жылы туған ер адам құлап, жарақат алған, өздігінен жүруі қиындаған, медициналық көмек керек болған. Осындай қоңырау келіп түскен соң, құтқарушылар жеделдетіп Көкшетау тауына барады да, оқиға орын алған жерге жетеді.

«Құтқарушылар дереу оқиға орнына келген бойда, 11 адамнан тұратын топтың Көкшетау тауының баурайына көтерілгені анықталды. Сағат 13.00 шамасында жаңбыр жауа бастаған. Тайғақ тасты беткейдің салдарынан 2000 жылы туған ер адам тайып кетті, шамамен 2 метр биіктіктен құлап, сол қолын ауыртып алған. Құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдем көлігімен Щучинск қаласының орталық аудандық ауруханасына тексеру үшін жіберді, алдын ала тексеру бойынша сол қолынан жарақат алған», деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, қалған адамның бір бөлігі төменге түсіп, құтқарушыларды күтіп алған, қалған бір бөлігі жарақат алған адамның жанында болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тауға шығып, жоғалып кеткен Әлия Камиева есімді қызды Үлкен Алматы көлінен жоғары 3 шақырым жерден тапқан.  Құтқарушылар жеткенде оның жағдайы өте ауыр болған, жедел тасымалдап, ауруханаға жатқызған. Құтқару, іздестіру шараларына ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен жедел-медициналық көмек бригадасы және арнайы тікұшақ бригадасы қатысқан

Байланысты жаналықтар

Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

26.11.2020

Ақтөбедегі митинг: Бір адамға бес полиция

07.06.2020

Солтүстікте ауыл мен көше аттары қазақыланады

14.01.2021

Шымкентте тазалық басты назарда

10.05.2021

Коронавирус індеті қашан тоқтайды?

26.07.2020

Нұр-Сұлтанда дәрі бағасын қымбаттатқандар анықталды

09.07.2020
MalimBlocks
Белгілі әнші-өнертанушыға шұғыл көмек керек

Ақтөбедегі митинг: Бір адамға бес полиция

Солтүстікте ауыл мен көше аттары қазақыланады

Шымкентте тазалық басты назарда

Коронавирус індеті қашан тоқтайды?

Нұр-Сұлтанда дәрі бағасын қымбаттатқандар анықталды