Әліппені қайтару үшін жойдық па?

Олжас Қасым

  • 12.08.2021

Биылдан бастап «әліппе» мектепке оралады. Бұл жаңалықты БАҚ құралдары жарыса жазды. Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВКЕ әлеуметтік желіде мақтаулар айтылып-ақ жатыр. Бәрі неден басталды? Қазақстанның білім саласын басқарған 14-министрден. Ол – Ерлан САҒАДИЕВ.

2016 жылы ақпан айында министр болып тағайындалған Ерлан КЕНЖЕҒАЛИҰЛЫ да өзге министрлер сияқты реформаға кірісті. Сағадиевтің реформасы ел есінде мәңгілік қалды. 1913 жылдан бері келе жатқан «әліппені» алып тастады да, орнына «сауат ашу» пәнін енгізді. Министрдің бұл қарекетін сынағандар аз болған жоқ. Бірақ ешкім тоқтау жасай алмады. Бұл енді көпке мәлім, өткен әңгіме. Енді міне, бес жылдан кейін Әліппе қайта оралды. Бұл жаңалықтың көкесін Білім және ғылым министрлігінің 16-шы министрі Асхат Аймағамбетов жеткізді.

«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деген еді министр Аймағамбетов.

Үнемі сынның астында қалып жататын қазақ шенеуніктерінің ішінде «ақ қарға» боп қалатын Аймағамбетовтан мақтауды қызғанған түгіміз жоқ. Бірақ «әліппе» пәнін қайтару жұмысын министр болып бар-жоғы 3-4 ай отырса да Күләш ШӘМШИДИНОВА бастағанын қалай ұмытамыз. Министр болып тағайындалғанына бір ай толғанда жұртты қуантқан мәлімдеме жасаған-ды.

«Әліппеге байланысты айтайын, биылғы оқу жылында әліппені қайтарып үлгермейміз. Ал, келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді. Балаларға білімді өзі іздеуге үйретуіміз қажет», - деген еді Күләш Шәмшидинова.
 

Осы тұста, «Әліппені» қайтару үшін жойдық па?» деген сұрақ туындайды. Педагог, әдебиетші Серік ЕЛІКБАЙ «әліппені» алып тастау, қайта еңгізу процесстеріне күдікпен қарайды. Бейне бір осының бәрі PR үшін жасалып жатқандай дейді.

«Отыз жылдың ішінде бір нәрсеге таңқалдым. Бір дүниені өзіміз бұзамызды да соны ерлікпен орнына келтіреміз. Бұған жауап беретін адам да жоқ. Білім өте нәзік нәрсе. Білім шұғыл реформаларды қаламайды. «Сауыт ашу» деген пән сауаты жоқ дегенді білдірді. «Әліппе» әріптер әлемі дегенді білдіреді. PR-дың түр-түрі болады. «Әліппенің» оралуы жасыл пияр. Біреулерді асқақтату үшін балалардың танымын құрбандыққа шалып жібердік. Кезінде «әліппені» мектептің бағдарламасынан алып тастағанда үнсіз қалған зиялы қауым өкілдері қазір алақайлап, мадақ сөздерін айтып жатыр. Ертең «әліппені» тағы алып тастаса тағы да үнсіз қаламыз ғой», - дейді Серік Елікбай Мalim.kz сайтының тілшісіне.

Сағадиевтің «сауат ашу» мектеп бағдарламасына енгізілген жылы бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам бала барған еді. Осы уақытқа дейін «әліппесіз» сауат ашқан оқушылардың саны 1 миллионның ар жақ-бер жағы. Олар не жоғалтты?

«Жалпы, әліппе мен сауат ашу бойынша аса үлкен айырмашылық жоқ. Әліппеде балалр әр әріпті бөлек өтеді. Және сол әріпке қарап, суретке қарап сөйлем құрайтын. Сауат ашуда әріп беріледі. Әріппен қоса шағын мәтін мен өлең жолдары беріледі. Оны ата-ана балаларға оқып беретін. Егер бағдарламадан тыс қарайтын болсақ, не жоғалтқанымызды дәл қазіргі күні айта алмайтын шығармыз. Себебі өзгерістің салдарын біраз уақыттан кейін көреміз. Қысқасы, балалар сауат ашу пәнімен де әріптерді үйренді. Ұтылған нәрсеміз - ерте жастан балалардың еркін, таза сөйлеуіне көңіл бөле алмай қалдық. Себебі бірден ата-анасы жаттатқан мәтінге балалар кетіп қалды. Әліппеде суреттер көп беріледі. Балалар сөздік қорын дамытатын», - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлихан БӨКЕЙХАН атындағы №76 лицейдің директоры Сафура СЕЙДӘУЛИҚЫЗЫ.

Байланысты жаналықтар

«Гладиатор 2» көш бастап тұр

20.11.2024

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

16.11.2024

Күйші Қайрат Айтбаевтың кітабы жарық көрді

15.11.2024

Шәмшінің әніне авторлық қоғам 18 мың теңге төлеген. Мәжілісте заң жобасы талқылануда

14.11.2024

Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

14.11.2024

Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері президентке хат жазды

13.11.2024
MalimBlocks
«Гладиатор 2» көш бастап тұр

Африкаға кеткен ұлдың Рим империясы әскерінің шабуылынан қолға түсіп, өз отанынан құл болып оралуы, гладиаторға айналып, талай жекпе-жекте жеңгені туралы өрбиді

«Бауырына салу» «Оскар»-ға ұсынылды

Фильм ауыл өмірінің қиын тіршілігін бейнелейді

Күйші Қайрат Айтбаевтың кітабы жарық көрді

Ал аты түркі әлеміне мәшһұр қай­раткер, скрипкашы Дүйсен Қа­сейі­нов ұлттық дәстүрлі өнердің сак­ральді қырларына кеңірек тоқ­тал­ды.

Шәмшінің әніне авторлық қоғам 18 мың теңге төлеген. Мәжілісте заң жобасы талқылануда

Ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді

Семейлік әнші рекорд үшін 100 әнді тоқтаусыз орындайды

Әнші Гиннесс рекордтар кітабына тіркелу үшін арнайы концерт берді

Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері президентке хат жазды