«Сәтпаев ісі» бойынша сотталған ерлі-зайыпты сотқа шағым түсті

  • 18.10.2021

Сәтпаев қаласында бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылар алқабилер шығарған үкіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.  Апелляциялық тыңдалым 14 қазанда Қарағанды облыстық сотында өтті. Қылмыстық іс бала зорлауға қатысты болғандықтан, ол жабық режимде қаралады.  Еске салайық, 2020 жылдың шілдесінде Сәтпаевта бес жасар бала жоғалды. Қазір қаршадай қызды мас ересек кісі өз пәтеріне кіргізіп, зорламақ болғаны көпшілікке белгілі. Арам пиғылын іске асыру үшін ол көршілес тұратын Сергей және Татьяна Протопоповтарды шақырған. Нәтижесінде қыз баланың психикалық денсаулығына ауыр зиян келтірілді.  Алқабилет соты Сергей Протопопов өмірінің соңына дейін, ал оның жұбайы 22 жыл түрмеде отырулары керек деп шешті. Күдіктілердің үшіншісі тергеу кезінде өзіне-өзі қол салып, көз жұмды.

MalimBlocks