Карантин: Сағынтаевтың әрекеті

Malim Админ

  • 17.03.2020

Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ онлайн брифинг өткізіп, карантин режимін түсіндірді.

Әкімнің айтуынша, коронавирустың таралуы қарқыны өте жоғары, сол себепті Сағынтаев бүгін төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияға Алматыда карантин режимін енгізу жөніндегі ұсыныс жасаған.

Қала әкімі Алматыда карантин жұқтырғандардың саны 11 адамға жеткенін айтты, бірақ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда коронавирусқа 15 адам шалдықты.

"Алматыдағы карантиннің басты мақсаты ­- инфекция тарауын тоқтату. Міндет ­- қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу, қала ішінде карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралуын тоқтату", - деді Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, карантин режимі мына шараларды қамтиды: қалада өзін-өзі оқшаулар және үй карантині арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізу, көшелер мен тратуарларды жуып, дезинфекциялау арқылы жұқтырудың жолын қию. Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-дезинфекцияны күшейту мен іргелес аумақтарды санитарлық тазалау.

"Азаматтар мен автокөлік құралдарын Алматы қаласы аумағына кіріп шығуын шектеу. Қаланың кіреберісіне 27 блок бекетін орнату. Ол бекеттерде патрульдік полиция полкінің, қорғаныс министрлігі мен ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар бірінші кезектегі қажетті тауарлар, азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс және гигиеналық құралдарды әкелу үшін жасыл дәліз іске асырылады", - деді әкім.

"Карантин кезеңінде балабақшалардың, азық-түлік емес сауда орындары, яғни баарлардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын орындардан басқа ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады", - дейді Сағынтаев.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Даниал Ахметов, шық!

29.04.2021

Құландар тағдыры

14.02.2020

Азаматтық қоғам шындала түседі

30.04.2020

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

23.06.2021

Тоқаев экономиканы қалай құтқармақ?

11.05.2020
MalimBlocks
Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

Даниал Ахметов, шық!

Құландар тағдыры

Азаматтық қоғам шындала түседі

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз

Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Тоқаев экономиканы қалай құтқармақ?