Елбасы саясатын Тоқаев жетілдіре түседі

Malim Админ

  • 18.03.2020

ҚР Президенті жанындағы Қазастан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Жасұланбек Майлыбай билік транизтінің бір жылдығы туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, Тоқаев президенттігінің алғашқы жылы саяси сабақтастықтың сақталып, дамуымен, әлеуметтік-экономикалық шаралар мен саяси реформалық қадамдардың жасалуымен есте қалмақ.

«Елбасымен бірге жеткен нәтижелерді негіз ете отырып, одан әрі даму маңызды болды. Әсіресе, Тұңғыш Президент айқындаған ішкі және сыртқы саясатта стратегиялық бағдар сабақтастығын сақтау – аса қажет қадам. Бұл еліміз бен шетелдік әріптестеріміз үшін де ерекше маңызды. Сабақтастық осыған дейін жүргізілген саясатты таған ретінде ұстанып, оны жетілдіріп, дамытуға, оған жаңаша сипат беруге жол ашады», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазір әлем күрделене түскен сайын мәселелерге оңай шешім ұсыну жағдайы көбейіп кетті. Дамыған елдердің өзінде популистік идеялар қатты белең алып отыр. Осындай кезде байыпты саясат жүргізу аса өзекті және біздің еліміз оған қол жеткізе алды.

«Баршаға мәлім, Елбасы тұсында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін жүзеге асыру әрдайым назарда болатын. Тоқаев тұсында аталған саясат одан әрі жүйеленіп, күшейе түсті. Әлеуметтік көмек түрлері он бірге дейін өсті. Қазіргі уақытта ел бюджетінің жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады. Әлеуметтік-экономикалық бағыт саяси реформалармен бекемделе бермек. Мемлекеттің ашықтығына әрі есептілігіне баса мән беріле бастады. Қ. Тоқаевтың интерактивті басшы екенін көрсетуі мемлекеттік аппарат жұмысына оң ықпалын тигізіп келеді. Қоғамдағы мәселелердің ашық талқылануында, олардың назарға алынуында, екшеліп, қаралуында, нәтижеге жетуінде ілгерілеу байқалады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі митингілер, сайлау, саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізу бастамасын көтерді. Бұл ретте қазіргі мемлекеттік саясат бағдары мен қоғам талабы сабақтас болып тұр», - деді Ж. Майлыбай.

Дереккөз: kazinform.kz

 

Байланысты жаналықтар

"25 қазан Назарбаевқа керек болды"

25.10.2020

"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

06.04.2021

Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы

18.03.2021

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

21.10.2021

Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

05.07.2020

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?

22.07.2021
MalimBlocks
"25 қазан Назарбаевқа керек болды"

"Тұлпар мініп, казино ойнаған" генерал жаңа қызметке тағайындалды

Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді деп хабарлайды akorda.kz 

Тоқаев уәдесінде, Тоғжанов сөзінде тұра ма?

Президентке үндеу: Мұнайшылар ереуілі неге жиіледі?